Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
16-07-2026
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Қазақстанның бір топ...

26-06-2026
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ 110-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ
2026 жылы 25 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі...

24-06-2026
МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПТІ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ «Е-АРХИВ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ОҚЫТУ ТАҚЫРЫПТАРЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 22-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат...

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Онлайн көрмесі
 
1886 жылдың 26 шілдесінде Қазақ КСР Халық суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Абрам Маркович Черкасский дүниеге келді. Киев көркемсурет училищесі мен Петербург Көркемсурет академиясының түлегі. 1915 жылы «Көктем» («Весна») картинасы үшін А.И. Куинджи атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. 1935 жылдан бастап Киев көркемсурет институтының профессоры. 1937 жылы қамауға алынып, 1940 жылы А.М. Черкасский ақталды. 1941 жылы Алматы көркемсурет училищесіне сабақ беруге шақырылды. Үш жылдан кейін-ақ суретші өзінің жеке көрмесіне жүзден астам туындысын ұсынды. А.М. Черкасскийдің еңбектерінің ішінде «Өткен күннен сыр» («Рассказ о прошлом»), «Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісова», «Днепрдегі қасірет» («Трагедия на Днепре») картиналары, жазушы С. Мұқановтың, мүсінші И. Иткиндтің, Қазақ КСР Халық әртісі Қ. Бадыровтың, суретші Г. Ысмайылованың және т.б. портреттері, сондай-ақ көптеген пейзаждар мен натюрморттар бар. А.М. Черкасскийдің құжаттық материалдары ҚР Орталық мемлекеттік архивіне 1966 жылдың мамыр айында түсті. Қор құрамында шығармашылық қызметке қатысты құжаттар: суретші туындыларының репродукциялары, өмірбаянына қатысты материалдар, фотосуреттер және т.б. бар.
 
Құсайынов Шахмет 1906 жылы Қаратау ауылдық кеңесінде, Қоскөл ұжымшарында орта шаруа отбасында дүниеге келген. 13 жасына дейін әкесінің қамқорлығында болған. Петропавл педагогикалық текникумын 1924 жылы бітіргеннен кейін, «Кеңес ауылы» газетінің редакциясында, 1924 жылы хатшы және әдеби қызметкер, 1931 жылы «Колхоз жолы» газетінде жұмыс істеген. 1933 жылы Құсайнов Шахмет әдеби мансабын бастаған. Ол қырықтан астам драмалық шығарма жазған.
«Кеше және бүгін» драмасы 1937 ж. «Ерке бала» комедиясында балаларына тым көп көңіл бөлетін, олардың тек мектеп жауапты деп санайтын адамдар жастарды тәрбиелеу, жергілікті фольклорлық ауызша дәстүріне сүйене отырып «Алдар-көсе» 1943 ж. комедия жазды. «Дала жұлдызы» 1947 ж. соғыстан кейінгі кезеңге арнап жазған пьесасы, «Амангелді» 1949 ж. пьесасы халық батыры Амангелді Имановтың өмірін баяндайды. «Жарқыраған тас» 1949 ж. пьесасы Кеңес пионерлерінің бақытты өміріне арналған. «Көктемгі желі» 1952 ж. комедиясы ауыл шаруашылығын ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдан нығайту үшін колхозшылардың күресін және партия қызметкерлерінің осы маңызды мәселені шешудегі рөлін қозғайды.
Драматург Ш. Құсайынов драматургия саласында жемісті еңбек еткен. Ш. Құсайынов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Ол 1972 жылы мамыр айында қайтыс болды. Ш. Құсайыновтың 1970 жылдардағы жеке коллекциясынан алынған деректі материалдар 1971 жылы 18 маусымда Қазақстан Орталық мемлекеттік архивіне сый ретінде мемлекеттік сақтауға қабылданды. Қордың құжат материалдарын ғылыми-техникалық өңдеу нәтижесінде № 1942 нөмірлі қор 125 бірлік көлемінде №1 тізімдемесі жасалды. Ш. Құсайынов жинағының деректі материалдары оның әдеби шығармашылығын қамтиды
 
Ирина Николаевна Пальгова 1921 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Балалық шағында тропикалық безгек ауруымен ауырып, соның салдарынан есту қабілеті бірте-бірте нашарлағанына қарамастан, ол үш бірдей жоғары оқу орнын сәтті тәмамдаған. Олар: Бирск мемлекеттік мұғалімдер институты, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті мамандығы және В.М. Молотов атындағы Мәскеу мемлекеттік кітапхана институты.
Ол «Саңырау-мылқаулар қоғамының» кітапханасында, кейін А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханада қызмет етті. Әдеби шығармашылықпен 1948 жылдан бастап айналыса бастады. Оның повестьтері мен әңгімелері «Вечерняя Алма-Ата», «Учитель Казахстана», «Актюбинская правда» газеттерінде, сондай-аку «Жизнь глухих», «Кооператор Казахстана» және тағы басқа журналдарда жарық көрді.
Қор құрамында оның әкесі – географ, гляциолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстандағы гляциология ғылымының негізін қалаушы Николай Никитич Пальговтың да құжаттары бар.
И.Н. Пальгованың құжаттық материалдары ҚР Орталық мемлекеттік архивіне 1986 жылы өткізілген. Бұл материалдардың қатарында қолжазбалар, өмірбаяндық деректер, хаттар, фотосуреттер және өзге де құжаттар бар.
 
Серафим Павлович Қазақ КСР-інің Республикалық орыс драма театрында 1934 жылдан бастап қызмет етті. Алматы қаласындағы орыс драма театрының негізін қалаушылардың бірі және осы театрдың жетекші әртісі бола жүріп, өзінің шығармашылық ғұмырында бірқатар жарқын бейнелерді сомдап, 200-ден астам әртүрлі рөлдерді ойнады.
С.П. Ассуировтың жеке қорындағы құжаттық материалдар Орталық мемлекеттік архивіне 1965 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Ю. Л. Рутковскийдің сыйға тартуы негізінде мемлекеттік сақтауға қабылданды. Қорда әртістің сомдаған рөлдеріндегі фотосуреттері, қатысқан спектакльдердің сахналық көріністері және басқа да материалдар сақталған.
 
Дүйсенқұл Сарықұлұлы Сарықұлов ‒ 1906 жылы Отырар ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1923 жылы қойшының көмекшісі болып бастаған. Кейін Өзбекстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің Ташкент округтік комитетінде бөлім меңгерушісі, Ташкент қаласындағы Пролетар аудандық Өзбекстан Коммунистік партиясы комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
1942–1952 жылдары Д.С. Сарықұлов Өзбек КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. 1952 жылғы тамыздан бастап Ташкент облысындағы Шейхантаур су электр станциясы құрылысының бастығы болды. Осы кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Тексеру комиссиясының мүшесі және Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1953–1955 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО Электростанциялар министрлігінің Бүкілодақтық энергетика академиясының екі жылдық курстарында білім алды.
1955 жылы Қырғыз КСР Қалалық және кенттік құрылыс министрінің орынбасары қызметін атқарды.
1956 жылдың күзінен бастап Қазақстанда еңбек етті. Қазақ КСР Су шаруашылығы министрінің орынбасары, «Қазголоднострой» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Шымкент облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды.
1958 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас су шаруашылығы басқармасының (Главводхоз) бастығы болып тағайындалды, ал 1960 жылдан Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі қызметін атқарды. Осы жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің V шақырылым депутаты, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мүшелігіне кандидат және Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
1963–1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1965 жылы ірі ирригациялық жүйелер мен суландыру құрылыстарын жобалаумен айналысқан «Қазгипроводхоз» жобалау институтының директоры болып тағайындалды.
1966 жылы «Қазақстанның оңтүстігінде суарудың еңбек өнімділігін арттырудағы рөлі» тақырыбында диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Д.С. Сарықұлов «Қазақстан жайылымдарын суландыру жолдары», «Жер қорының өнімділігін арттырудағы суарудың рөлі», «Қазақстанның су шаруашылығы құрылысы» және басқа да еңбектердің авторы. Оның қаламынан суармалы егіншіліктің қазіргі жай-күйі, суармалы жерлердің сандық және сапалық көрсеткіштері, олардың аумақтық орналасуы мәселелерін қамтитын сексеннен астам ғылыми еңбек жарық көрді.
Д.С. Сарықұловтың Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. 1957 жылы оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген гидротехнигі» құрметті атағы берілді. Ол үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталды.
Д.С. Сарықұловтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1979, 1981–1983 жылдары сыйға тарту негізінде бірнеше кезеңмен қабылданды. Осы құжаттар негізінде 1-ші және 2-ші тізімдемелер жасалып, тізімдемеге 1927-1985 және 1923-1994 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz