Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
16-07-2026
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Қазақстанның бір топ...

26-06-2026
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ 110-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ
2026 жылы 25 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі...

24-06-2026
МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПТІ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ «Е-АРХИВ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ОҚЫТУ ТАҚЫРЫПТАРЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 22-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат...

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Қазақстанның бір топ ақын-жазушыларымен бірге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі жұмысымен танысу үшін арнайы жұмыс сапарымен келді.

2026 жылы 25 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі Әлеуетті зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 110-жылдығына орай «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: Орта Азия халықтарының отарлық саясатқа қарсы күресі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2026 жылдың 22-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Алматы қаласының Мәдениет басқармасымен бірлесіп, Алматы қаласының Мемлекеттік архиві базасында өңірлік семинар өткізді.

2026 жылы 25 маусымында сағ. 14-00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» Республикалық мемлекеттік мекемесі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 110-жылдығына орай «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: Орта Азия халықтарының отарлық саясатқа қарсы күресі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Архив ісін дамыту, құжаттама жасау және архив ісі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында 2026 жылдың 15-16 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ (бұдан әрі - ҚР ОМА) ғимаратында ҚР ОМА-ның жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері үшін «Құжаттама жасау, және құжаттарды дайындау және ресімдеу тәртібі»; «Құжаттаманы басқару тәртібі. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжат айналымын ұйымдастыру»; «Ұйымдарда істер номенклатурасын жасау. Істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібі»; «Ұйымдарда құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және сақтау режимін қамтамасыз ету»; «Архив құжаттарын сақтау және пайдалану» (мемлекеттік қызмет көрсету). «Электрондық құжат айналымы: «Е-архив», «Е-өтініш» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.

2026 жылғы 4-10 маусым аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ғылым ордасы, Гарвард университеті жанындағы Дэвис атындағы Ресей және Еуразия зерттеулері орталығы , Астана IT университеті, Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) және Түркия Республикасы Қолжазбалар басқармасы бірлесіп ұйымдастыруымен ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ғылым ордасында «Қолжазбатану және цифрлық гуманитаристика» атты Халықаралық жазғы мектеп өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен биыл Мемлекеттік рәміздер күні республикалық деңгейде жаңаша сипат алып, «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты ортақ тұжырымдама шеңберінде атап өтілуде. Осы айтулы датаға орай, 2026 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты «Орталық мемлекеттік архив» РММ, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ және «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві» бірлесіп іс-шара ұйымдастырды.

Бүгін, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен мәдениет және архив саласының бірқатар қызметкерлеріне жаңа пәтер кілттері табысталды.

ҚР ОМА директоры Сәбит Шілдебайдың бұйрығымен Дарубаева Аружан Талғатқызы Архивтік құжаттарды қалпына келтіру және цифрландыру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2026 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ тарихшы-архивтанушы, қоғам қайраткері, 1980–1994 және 2000–2002 жылдардағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994–1996 жылдардағы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасының басшысы Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстандағы архив ісінің өзекті мәселелері және Марат Хасанаевтың мұрасы» атты ІІ «Хасанаев оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz