Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
27-07-2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматқа парыз
АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік...
20-07-2020

Пайдалы бос уақыт
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің...
13-07-2020

13 шілде 2020 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту...
10-07-2020

10 шілде 2020 жыл
Архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева марапатталды
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Қаламы қарымды Қалижан
«Мәриям – Жагор деген орыс қызы,
Он алты, он жетіге келген кезі.
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мәриямның айтқан сөзі»...
Халықтың аузынан бір сәт түспей, ән әлемін әулеткен осы өлең жолдары ақын Қалижан Бекхожинның қаламынан қалқып шықққанын біреу білсе, бірі біле де бермес.
Өлең мен жыр, поэма мен дастан Қалижанның өне бойынан өріліп, жұрт жүрегіне қалықтап қонып жатты.
Жыр алыбы Жамбыл мен Айкүмістің айтысын қағаз бетіне өрнектеп түсіріп, көпшілікке жеткізген де Қалижан Бекхожин.
Танымал ақын, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтын иегері Қалижан Бекхожиннің өнегелі өмірі жайлы құжаттар ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архив қорында кеңінен сақтаулы.
Қалижан Нұрғожаұлы Бехожин 1913 жылы 15 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген (азан шақырып қойған шын аты Қали-Мұхаммед).
Қалижан Бекхожиннің жеке қорының құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне алғаш рет 1976 жылы 18 ақпан айында қабылданып, 676 істен тұратын 1-ші тізімдеме құрастырылған. Ал 2003 жылы зайыбы Бекхожина Зайда Жанайқызының өтініші бойынша қосымша құжаттары қабылданып, осы өткізілген құжаттар негізінде 2-ші тізімдеме жасалды. Ғылыми жүйеге келтірілген құжаттар саны 343 іс, 1792-1990 жылдар аралығын қамтиды.
Әкесі Нұрғожа кезіндегі Мәшһүр Жүсіппен, Ақан сері, Исамен айтысқа түскен, кейбір болыстарды шенеп, сын айтқан ақын болған. Қалижан бала кезінен бастап сауатын араб тілінде ашып, ескіше хат танып, араб әрпімен жазылған қисса-жырларды оқып, әдебиетке ерте құмартады.
1922-1929 жылдары туған қаласындағы кеңес мектебінде оқып, орта білім алады. 1929 жылы комсомол қатарына кіреді, 1932 жылға дейін әр жерде түрліше жұмыстар атқарады. Ол ауылда бір жыл мұғалім, аудандық колхоз одағында аудармашы, тұтынушылар ұйымының басқармасында нұсқаушы, тіпті 1929-1930 жылдары Қостанай облысындағы Социалистік жер шаруашылық техникумында механизаторлық курсты бітіріп аз уақыт тракторшы, комбайыншы болып жұмыс істеген.
Қ. Бекхожиннің болашағына жол ашқан жазушылық қызметі 1933 жылы Павлодардың аудандық газетінен басталды. Аталмыш газет редакциясында 1933-1934 жылдары жауапты хатшы болып қызмет атқарған Қ. Бекхожин осы газеттің беттерінде өзінің тырнақалды өлеңдерін, очерктерін жариялап, қаламгерлік тәжірибе жинай бастайды. Павлодардағы әдебиет үйірмесіне белсене қатысқан Қ. Бекхожин ҚасПИдің тіл, әдебиет факультетіне оқуға түседі. Институтты 1938 жылы үздік дипломмен аяқтайды да, Қазақстан БЛКЖО Орталық комитетінің ұйғаруы бойынша Алматы қаласындағы комсомол баспасына бас редактор болып тағайындалады.
Қ.Бекхожин 1946-1965 жылдары Ғылым Академиясының тіл, әдебиет институтында ғылыми қызметкер, Қаақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы болып қызмет атқарады. 1942 жылдан 1946 жылдың ақпан айлары арасында майданда әскери журналист, саяси қызметкер болып түрлі жұмыстар атқарады. Соғыстан кейінгі кезеңде жазушылар одағында поэззия секциясының меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Педагогика институтында оқып жүрген кезінен қаламгерлік өнерін ширата түскен Қ. Бекхожин 1938-1940 айтарлықтай лирикалық өлеңдермен қоса, «Орман қызы», «Балтабай» (Кейін «Кек» болып өзгерген), «Ақсақ құлан» атты елеулі поэмалар жазып, ақындығын шыңдай түсті. Жас ақынның «Орман қызы» атты поэмасы жоғары бағамен комсомол сыйлығын алады. Соғыс жылдарында Қ. Бекхожин әскер қатарында жүріп, көптеген жауыңгерлік өлеңдер жазды. Майданда жазылған өлеңдері 1944 жылы «Шеру» атты жинақпен жарық көрді.
Бекхожин өмірін революция, жеңіс үшін құрбан еткен қазақтың даңқты ұлдары туралы шынайы тарихи деректерге негізделген поэмалар жазды. Ақынның қаламы соғыстан кейінгі кезеңде ерекше шарықтай түсті. Бұл тұста ақын қайта қалыптастасу дәуірінің кезеңдерін шабыттана жырлады. Қ. Бекхожиннің ақындық өнерін биікке көтерген, достық пен махаббатты жырлайтын әйгілі «Мариям Жагорқызы» (1950ж) атты дастаны оқырман қауымнан жоғары бағасын алған. Халықтар достығы ақынның көптеген тебіреністі жырлары мен поэма, дастандарында кеңінен жырланады, мәселен, «Достық жыры» (1954ж.), «Қамбар ағай» (1950 ж.) атты өлеңдерінде.
Қ. Бекхожин 1949 жылы «Первая Казахская газета Дала Уалаяты (1888-1902)» атты тақырыппен кандидаттық диссертациясын қорғады. Ақынның 1954-1964 жылдар арасында «Ақан Ақтаев», «Дала комиссары» атты поэмалары және «Үш кезең», «Таңдамалы» атты өлеңдер жинағы, сонымен қатар, «Жамбыл мен Айкүміс», «Нөсерден кейін», «Ақ табан-шұбырынды» және т.б. пьессалары жарық көрді.
Ол 1977 жылы «Менің замандастарым» атты өлеңдер жинағы үшін Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сонымен қатар Қ. Бекхожин орыс және шетел классиктерінің еңбектерін қазақ тіліне аударған. Ақынның еңбектері ССР халықтарының тілдеріне және венгр тіліне аударылған.
Кеңес әдебиетінің өркендеуіне қосқан еңбегі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен (1959, 1973), Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы (1978), Халық жазушысы (1986), Халықтар достығының орденімен (1983), Қазақ КСР-нің Құрмет грамоталарымен және көптеген медальдармен марапатталған.
Павлодар ақаласының құрметті азаматы атағын иеленді. Жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматы, Павлодар қалаларының бір көшесі және Павлодар қаласындағы №12 мектеп ақынның есімімен аталады.
Өмірінде өшпес із қалдырған қанатты қаламгердің асыл мұрасы архивте мәңгі сақталып, ұрпақ жүрегінен орын алары сөзсіз.

ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архивінің
архивист маманы Ахметбек Мадина

Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген....

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group