|
|
|
 |
22-02-2021 |
|
Архив директорының міндетін атқарушы тағайындалды
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Мұхит... |
 |
18-02-2021 |
|
Министрліктің алқа мәжілісі өтті
|
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің... |
 |
26-01-2021 |
|
Сенаторлар: архивтерді дамытуға ерекше көңіл бөліну керек
|
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері еліміздің Мәдениет және... |
 |
18-01-2021 |
|
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып қайта тағайындалды
|
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкімет мүшелерін бекітті. Ақтоты Рахметоллақызы... |
|
|
|
|
|
17 мамыр 2013 жыл |
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.
| 05 сәуір 2013 жыл |
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
| 04 сәуір 2013 жыл |
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
| 18 қазан 2012 жыл |
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.
|
|
|
|
|
 |
Үштұғырлы тіл – заман талабы
|
«Бір бала бар, атаға жете туады,
бір бала бар, атадан өте туады,
бір бала бар, атадан кері кете туады» деп Қазыбек бидің айтқаны бар емес пе? Бүгінгі өскелең ұрпақтың өне бойынан атадан өте туатын тектілік айқын аңғарылады.
«Заман шіркіннің ұрпағы, іштен біліп туады» деген дүйім жұрт, баланың шынашақтайынан техника тілін шыр айналдырып, әп сәтте іліп әкететіндігін меңзеп айтса керек. Қалай десек те, ғылым мен инновацияның құлағында ойнайтын өрелі ұрпақ өрбіп келеді. Аузынан ана сүті кеппегеніне қарамастан әрбір бүлдіршін заман көшіне ілесіп, бірге даму үстінде. Түрленіп жатқан түрлі техниканың тетігін айтқызбай-ақ тауып, интернет желісін қолданып, талғамына сай дүниелерді тауып, робот ойыншықтармен ойнауы, тың жаңалықтарға әуестігі таңдандырмай қоймасы анық.
Ғалымдардың пайымдауынша, адам баласы ой қабілетінің не бары 3-4 пайызын ғана пайдаланады екен. Ал, тумысынан қағілез ұрпақты жолға салып, жөн көрсетсе, талай талантын қадеге жаратары хақ. Тіпті тіл игеруде де дарыны ашылуы ғажап емес.
Өткенге көз жүгіртсек, небір ғұлама-ойшылдар білім-парасатымен қайран қалдырып келеді. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби жетпістен аса тіл білсе, хакім Абай орыс тілімен қатар, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген екен. Қазақтың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов та орыс, араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Тізе берсек, бұл тізімнің ұшы көрінбесі анық. Алаш арыстары да талай тілді қатар игергендігіне тарих куә.
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп бабалардың өсиет етуі де тегін емес. Өйткені, өркениетке өрелі біліммен ғана қосылуға болады. Әлемнің озық елдерімен терезе теңестіруде тіл білудің маңызы зор. Бұл тұрғыда дүниенің дамыған елдерінің қатарына қосылу мақсатында мемлекеттік деңгейде келелі жобалар мен кемелді жоспарлар да құрылып келеді. Дамыған отыз елдің көшіне көтерілу мақсатында «Қазақстан -2050» Стратегиялық жоспары да бекітілген болатын. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев дамушы елдердің қатарына қосылу үшін тіл игерудің маңызына айрықша тоқталып, «Үштұғырлы тіл» жобасын ұсынған еді. Тұңғыш Президент: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар – қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: «мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет» дейді.
Үштұғырлы тілді дамытудың мәні зор. Соның ішінде халықаралық дәрежедегі ағылшын тіліне басымдық берілуі де тегін емес. Себебі, ағылшын тілі – ХХІ ғасырдағы ғылым мен инновацияның, халықаралық бизнестің тіліне айналып отыр.
Нақты мәліметтерге келсек, ағылшын тілі әлемнің 19 елінде мемлекеттік тіл дәрежесіне ие, соның ішінде 75 елде кеңінен қолданады екен. Тағы бір атап өтерлігі, зерттеушілер дүние жүзі бойынша бір жарым миллиард адам ағылшын тілінде сөйлейді деген тұрыжырым жасап отыр. Бұл – жер жүзіндегі халықтардың төрттен бірі ағылшын тілінде тілдеседі деген сөз.
Жалпы, «дүниежүзінде 5661 тіл бар» дейді, 1980 жылы Германияда жарияланған мағлұматтарда. Бүгінде сол тілдердің 2796-сы ғана қолданыста көрінеді. Және алты мыңға жуық тілдердің тек жүзге жуығы ғана мемлекеттік статус қатарында. Бір ғажабы, соның ішінде 13 тіл ғана әлемде кеңінен таралып, басымдыққа ие болып отырған көрінеді. Таралу ауқымы мен қолдану аясы жөнінде қытай тілі бірінші орында болса, одан кейін Һинди-ордо тілі, содан соң ағылшын, испан, итальян тілдері тұр.
Дүниежүзіндегі оқулықтардың 33 пайызы ағылшын тіліне аударылады екен.
Демек, әлемнің көш басында тұрған озық тілді қатар игеру болашақ ұрпақтың өркендеуіне айрықша сеп болары сөзсіз.
Тұңғыш президент «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» — деп айтып өткен болатын.
Құптарлық іс. Жаһандық дәуірде көкжиекке құлаш сермейтін алып жоба.
Әйтсе де, бұл тұрғыда ғалымдарды бірқатар сұрақтардың толғандырғаны мәлім.
«Сауатын енді ғана ашып келе жатқан бүлдіршін тілі шұбарланбай ма? Үш тілді қатар игерудің кесірі тимесіне кім кепіл? Шет тілдердерге басымдық берудің салдарынан қазақ тілі шеткері қалып қоймай ма?» секілді сан сауалдың қылаң беруі де заңды құбылыс.
Бұл ретте Тұңғыш Президент: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп түйіндеген еді.
Шет тілін игеру ұлттық рух мен қазақ тіліне кесірін тигізеді деудің өзі қате пікір. Оған сөз басында айтып өткен қазақ зиялылары айғақ. Бір емес, бірнеше тілді қатар игере отырып, қазақ елін әлем сахнасына көтеруге ұмтылыс жасады. Ұлтжандылық та, қазақ тілі де қайнар, саф күйінде сақталды. Демек, тілдің шұбарлануы екіталай.
Тағы бір қызығы, тілі енді шыққан бала отбасында естіп өскен сөзді ілезде қағып алатын қабілетке ие көрінеді. Бала үшін бір емес, бірнеше тілді игеру аса қиындық туғыза қоймайтынын мамандар алға тартады.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген рас, -дейді, халықаралық кәсіби коуч Вишен Лакьяни,- өз ұлтым үндіс, әйелім орыс, отбасындағы ортақ тіліміз – ағылшын. Кішкентай ғана бүлдіршіндеріме қарап қайран қаламын. Үш тілді жетік меңгеріп алған» дейді. Демек, бүгінгі заманнның ұрпағы алдында тіл игеруде еш кедергі жоқ деуге де болатын шығар.
Олай болса, әлем кеңістігіне кемелді қадам басып, «Үштұғырлы тіл» жобасын биік деңгейде іске қосқанымыз абзал.
Ақын Қадыр Мырзәлі айтпақшы:
Ана – тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Баян Талдыбай
ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архивінің Баспасөз хатшысы
|
|
|
 |
|
|

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
| |
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
 |
|
|
|
|
|