Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
18-03-2020

Қайырымдылық игі істің бастауы
Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-ға...
13-03-2020

Таза аула – жанға рахат сыйлайды
Таза аула – жанға рахат сыйлайды. Осы сөзді ұстаным еткен...
12-03-2020

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді
Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары еліміздегі түрлі жобалар мен...
06-03-2020

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты Мәрзия Ғаниқызына табысталды
АЛМАТЫ. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз - Халықаралық...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Қазыбаев Кәкімжан Қазыбайұлына 90 жыл!
Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев 1929 жылы мамырдың 10- жұлдызында Сарқан ауданы, Бақалы селосында дүниеге келген. Ол 1947 жылы Ақсу қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін, Алматы қаласына келіп С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, журналистика мамандығы бойынша 1952 жылы бітіріп шығады.
1950 жылдардан бастап журналистикаға аяқ басқан К. Қазыбаев дүние жүзінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды білу құштарлығы және кеңестік кезеңдегі айтулы мәселерді қозғай білді. Университетті бітіргеннен кейін республикалық «Лениншіл жас» жастар газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет атқарады. 1958-1968 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының бірінші орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында жауапты қызмет атқарады. 1972 жылы К. Қазыбаев Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасарлығына тағайындалады. 1974 жылы қарашада Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы хабарлама агенттігінің (ҚазТАГ) директорлығына жоғарлады. Сол жылы Республика Үкіметінің құрамына енгізілді. 1982 жылы К. Қазыбаев Қазақстан Компартиясына хатшы болып сайланды. 1986 жылдан бастап «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы қызметін өмірінің соңына дейін атқарған.
К. Қазыбаев Қазақстан компартиясы съездерінің делегаты, Тексеру комиссиясының мүшесі, ҚКП ОК Бюро мүшесі болып сайланған. Өз елінің адал перзенті ретінде ұлтының рухани, мәдени құндылықтарын сақтауға үлкен үлес қосты. Оның кепілдігі ретінде сайлаушылардың 15 жыл бойы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты етіп сайлауы, Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, КСРО журналистер, КСРО жазушылар одағының мүшесі болғанын келтіруге болады. «Құрмет белгісі» орденімен, төсбелгілермен, Республикамыздың Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған.
К. Қазыбаевтың қаламынан «Рейхстагқа ту тіккен қазақ», «Жеңістің қиын күндері» т.б. мақалалары мен «Тың ырысы», «Жаныңда жүрсе жақсы адам» т.б. очерктер, көркем әдеби және публицистикалық «Кернеген кек», «Құпия», «Ызғар», «Сұрапыл», «Октябрь өрендері», «Ақиқат ар серік», «Аманат» атты романдары мен повестері туған.
К. Қазыбаевтың жеке қорының құжаттары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архивіне 2006 жылы зайыбы Орынша Қарабалина Қазыбаева сый ретінде тапсырған. Осы құжатар негізінде 1 тізімдеме жасалды. Бұл тізімдемеге 1942-2004 жылдар аралығындағы құжаттар енген.
Қордың құрамына шығармашылық құжаттары (романдары, повестері, пьесалары, әңгімелері, очерктері, өлеңдері, мақалалары, пікірлері), еңбектерінің аудармалары, хаттар, өмірбаяндық құжаттары (жеке басына, қызметіне қатысты құжаттары,грамоталары мен шақыру билеттері), қор иесі туралы құжатар, фотосуретері және жинақ құжаттары кіреді.
Жеке тектік
архивтермен және
тарихи-құжаттамалық
топтамалармен
жұмыс жасау бөлімінің архивист маманы Ахметбек Мадина



Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group