Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
03-09-2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы Арман Оразбайұлы Қырықбаевты Қазақстан...

03-09-2026
АИДА ҒАЛЫМҚЫЗЫ БАЛАЕВА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан...

27-08-2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
Бүгін, 27 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және...

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Онлайн көрмесі
 
XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірге келгеніне биыл 160 жыл толды.
Қайраткер 1866 ж. 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Молдадан әліпби үйреніп, одан кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол Омбының техникалық училищесін, 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.
Әлихан Бөкейханұлының саяси қызметі Омбыда «Халық бостандығы» партиясына мүше болған кезден басталды. 1911-1914 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаш қайраткерлерінің ұлы арманы – қазақ мемлекетін құру болды. 1917 жылы шілде айында Орынборда өткен бірінші жалпықазақтық съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы заңдастырылды. Бұл Алаш үкіметін құруға жасалған қадам еді. Совет үкіметі орнағаннан кейін Әлихан Бөкейханов қуғыннан көз ашпады. Ұлтшыл деген айып тағылып, Мәскеуге жер аударылды. Сонда да қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтап қалу жолындағы күресін тоқтатпай, мақалалар, баяндамалар жазған Әлихан Бөкейханов 1937 жылы ату жазасына кесілді.
 
Бекенғали Жұмабекұлы Жамақаев 1931 жылдың наурыз айының 17 жұлдызында Семей облысына қарасты Абай ауданының Саржал ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1937-1946 жылдар аралығында Семей қаласындағы №16 қазақ орта мектебін бітірген. Жастайынан Бекен жолдастарының арасында әр түрлі аспаптарда ойнап, дарындылығымен көзге түскен.
1946-1948 жылдары жас композитор Абай атындағы облстық драма театрына әртіс болып жұмысқа орналасып, бірталай сахналық бейнелерді жасауға атсалысқан. Сонымен қатар композиторлық қабілетін шыңдай берген.
1948 жылы Семей қаласындағы педогогикалық училищиге түсіп, аталмыш училищені 1950 жылы бітірген.
1951-1952 жылдары облстың радиокомитетте әдеби қызметкер, 1952-1957 жылдары цензор болып, 1958-1960 жылдарда диктор қызметтерін атқарған.
Бекенғали өнерде Бекен атты есіммен көпшілікке танымал болған. 21 жастағы Бекен денсаулығына байланысты ауруханада көп уақыт жатып қалады. Сол мезетте өзінің ішкі сезімін болашақ жары Майнұрға ән арқылы жеткізу, Нұфтолла Шәкеновтың сөзіне жазылған «Махаббат вальсі» әнінің дүниеге келуі себеп болған. Бұл ән 1955 жылы Қазақ радиосынан Роза Бағланованың орындауында тұсауы кесілген. Әйгілі әншінің орындауындағы «Махаббат вальсі» той-думан, сахналық ойын-сауық кештері өтпейтін болған. Сонымен қатар бұл әнді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов қатты ұнатқан.
Композитор қысқа ғұмырында 70-ке жуық ән шығарған. Олар «Махаббат вальсі» (1955), «Сені ғана» (1964), «Қарағанды вальсі», «Ертіс вальсі» т.б. Замандастары Б. Жамақаевты «Вальс патшасы» деп атап, композитор Шәмші Қалдаяқов екеуінің шығармашылық қолтаңбаларында ұқсастық бар екендігін айтқан. Қазіргі таңда әндерінің біраз бөлігі Қазақ радиосының алтын қорында сақталған.
Бекен Жамақаевтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 2008 жылы ұлы Бахытқали Жамақаев Бекенғалиұлының өтініші бойынша сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1931-2006 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
 
2026 жылғы 28 ақпанда техникалық әскерлердің генерал-майоры Жексенбаев Шәкірдің туғанына 125 жыл толады. Оның жеке тектік қоры Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Құжаттық мұрасы естеліктер, хаттар, өмірбаяндық құжаттар, фотосуреттер және басқа да материалдардан тұрады.
Шәкір Жексенбаев елдің қорғаныс қабілетіне өлшеусіз үлес қосып, КСРО-ның жоғары дәрежелі қолбасшыларының құрметіне ие болды. Оның өмірі мен қызметі, даңқты әскери жолы, қызметтік саладағы жоғары жетістіктері және КСРО Қарулы Күштерінің химиялық әскерлерін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі, қатардағы қызыләскер-кавалеристен техникалық әскерлердің генерал-майорына дейінгі жолы — қазақ халқының мақтанышы болып табылады.
 
М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы «Қарасаз» деген жерде дүниеге келген. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, совет қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
М. Мақатаевтың тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана басталған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» /қазіргі «Жұлдыз»/ журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділда Тәжібаевтың сәт-сапар тілеген сөзімен «Қазақ Әдебиетінде» жарияланған.
Мұқағали Мақатаев ақындық аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағын, Маркс пен Ленин жайлы дастандарын ұсынған. М. Мақатаев жыр аудармасы саласына көп көңіл бөлген А.С.Пушкин, Белинскийдің жырларына аударма жасаған сондай-ақ американың ұлы ақыны Уолт Уитменнің өлеңдерін ағылшынның ұлы ақыны, драматургі, трагигі Бильям Шекспирдің сонеттерін, әлемге әйгілі Италия ақыны Рантеннің «Құдыретті комедиясын» қазақшалады. Мұқағалидың «Саржайлау», «Сөнбейді әже шырағың», «Кел еркем», «Алатауына» өлеңдеріне композитор Нұрғиса Тілендиев ән шығарған. М. Мақатаев В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіндегі мерекелік медальмен наградталған. Ақынның туған ауылындағы бір орта мектеп оның есімімен аталды. Қазақстан жазушылар одағы жылдың ең жақсы ақынына арнап М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады. М. Мақатаев «Тұлпар» сыйлығының тұңғыш лауреаты.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде М. Мақатаевтың жеке қоры жинақталған. Қор құжаттарында 1949-1976 жылдарды қамтитын 18 жыр дәптері бар, оның ішінде 1 өмір күнделігі, 791 өлең, жырлары, 1 дастаны сақталуда. Өмір күнделігіне тоқталсақ бұл 11 құжат. Мұнда негізінен М. Мақатаевтың өмірінен жан-жақты мағлұмат алуға болады. Онда негізінен Айбар атты баласының болашағына көп көңіл бөлген. Айбардың мектепке барғаны, бүкіл халықтың ой-пікірін жазған, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас, соның ішінде ұстаз мен бала арасындағы қатынасты ерекше сезініп шебер көрсете білген. Өмір күнделігін оқи отырып Мұқағали Мақатаевтың шыншыл, өзі өмір сүрген кездегі өмірдің кейбір жат қылықтарын көре білген. Ол еш уақытта екі жүзділікке, жалтақтыққа төзбеген. Мысалы: «Жүрегім менің жанған от», «Осы күн мен бір жексұрын» т.б. жыр дәптерлерін оқи отырып М. Мақатаевтың лирикаға көбірек көңіл бөлгенін көреміз. Сондай-ақ ақын өз өлеңдерінде досты, Ата-ананы, бүлдіршін сәбилерді өте әдемі нәзіктікпен олардың қадір-қасиетін оқырман қауымға жеткізе білген. Мысалы: бірінші жыр дәптеріндегі «Досыма», «Жас Ана», «Әке аманаты», екінші жыр дәптеріндегі «Менің інім», «Апама», үшіншіші жыр дәптердегі «Балаларға арналған жырлар». Сонымен қатар, М. Мақатаев лирикалық жырларында өмірді, табиғатты, махаббатты шебер суреттей білген. Ал алтыншы жыр дәптерінде «Райымбек-Райымбек» дастаны. Бұл 1971 жылы жазылған. Мұнда ақын Райымбек батырдың тұлғасын кереметтей суреттеген. Бұл дастан ақын өміріндегі жазған жырларының ең биік шоқтығы. М. Мақатаевтың жырлары үлкенге құрмет, кішіге үлгі, өнеге болмақ. Өмірінің біраз жылын қиындықта өткізген тағдыры сан қилы ақын тірі болғанда, биыл 95 жасқа толатын еді...
 
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде сақталған жеке тектік қоры құжаттары негізінде әзірленген, мемлекет және қоғам қайраткері Шолақ Артығалиұлының туғанына 115 жыл толуына орай жасалған онлайн көрмені назарларыңызға ұсынамыз!
Шолақ Артығалиұлы 1911 жылы 15 қаңтарда Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Бетпақкөл ауыл советінде дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, 1915 жылдан әкесінің үлкен ағасы Ашықбайдың қолында өсіп жетілген.
1927 жылы комсомол қатарына алынып, 1936 жылы Орал облысының Орда райком комсомолының бірінші хатшысы болып қызмет атқарған. 1943- 1945 жылдары Москва қаласындағы Совет Одағының Коммунистік Партиясының Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебін оқып бітірген.
Үш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен және т.б. медальдармен қатар «Совет Одағы Коммунистік Партиясының қатарында 50-жыл» белгісімен наградталған.
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz