Мемлекеттік рәміздер |
| Барлығын көрсету | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.
|
|
|
|
|
|
|
| 2026 ЖЫЛДЫҢ 30 НАУРЫЗЫНДА ЖАЗУШЫ, ПРОЗАИК ВАСИЛИЙ ФЁДОРОВИЧ ВАНЮШИННІҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛАДЫ |
|
 |
2026 жылдың 30 наурызында белгілі жазушы, прозаик Василий Фёдорович Ванюшиннің туғанына 110 жыл толады. Оның жеке архиві Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы. Василий Ванюшиннің жеке қорының құжаттық материалдары 1971 жылы жазушының өзі тарапынан архивке мемлекеттік сақтауға тапсырылған.
Қорда шығармаларының қолжазбалары, хат-хабарлары, өмірбаянына қатысты материалдар, естеліктері, фотосуреттері және басқа да деректер бар. |
|
|
| НАЗИРА ҚОЖАХМЕТҚЫЗЫ ДӘУЛЕТОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!! |
|
 |
1926 жылы 20 наурызда Назира Қожахметқызы Дәулетова дүниеге келді. Ол - Қазақ КСР-інің А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасының директоры, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде Н.Қ. Дәулетованың жеке архив қоры сақтаулы. Қор құрамында оның ғылыми және қызметіне қатысты құжаттары, өмірбаяндық құжаттары, хат алмасулары, фотосуреттері және басқа да құжаттары бар.
Назира Кожахметқызы бүкіл өмірін кітапхана ісіне арнады. Ол кітапхана саласында 40 жыл еңбек етіп, оның жартысына жуығын директор қызметінде өткізді.
Оның басшылығымен Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасы өңірдегі ең ірі кітапханалардың біріне айналып, ұлттық кітап қорының сақтаушысы әрі кітапхана ісі, ұлттық библиографияны шығару саласындағы ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмыстарының үйлестіруші орталығы болды. Сонымен қатар мәдениет пен өнер саласындағы ғылыми ақпараттың республикалық салалық органы қызметін атқарды.
Жыл өткен сайын кітапхананың одақ ішіндегі және халықаралық байланыстары кеңейе түсті. Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана базасында халықаралық және бүкілодақтық семинарлар, кеңестер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді.
Кітапхананың әлемдік деңгейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің кітапханаларына арналған «Ұлттық кітапхана жүйелерін жоспарлау» атты халықаралық семинар да айқындады.
1976 жылы Н.Қ. Дәулетова Париж қаласында (Франция) өткен Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер федерациясының (IFLA) конгресіне қатысты. Ал 1978 жылы Чехословакияда өткен халықаралық кітапханашылар конгресінде «Қазақ КСР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасы» тақырыбында баяндама жасады.
Н.Қ. Дәулетова «Социализм дәуіріндегі Қазақстандағы әмбебап ғылыми кітапханалардың даму тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Ол 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Олардың қатарында «Қазақстанның ғылыми әмбебап кітапханалары» монографиясы, Е.Н. Шмелевамен бірлесіп жазған «Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы» және «Адамдарға қажет еңбек» атты еңбектері бар.
Республикадағы мәдениет пен кітапхана ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Назира Қожахметқызы Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, Н.К. Крупская атындағы медальмен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Алтын медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Назира Қожахметқызы Дәулетованың есімі Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихында ерекше орын алады. Ол өз өмірін білім мен мәдениетті дамытуға арнап, кітапханатану ғылымының дамуына зор үлес қосты. Оның еңбектері мен кәсіби мұрасы кейінгі буын мамандар үшін үлгі болып, жас ұрпақты ғылым мен білімге ұмтылуға жетелейді. |
|
|
| ҰЛТ КӨСЕМІ ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕ |
|
 |
XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірге келгеніне биыл 160 жыл толды.
Қайраткер 1866 ж. 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Молдадан әліпби үйреніп, одан кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол Омбының техникалық училищесін, 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.
Әлихан Бөкейханұлының саяси қызметі Омбыда «Халық бостандығы» партиясына мүше болған кезден басталды. 1911-1914 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаш қайраткерлерінің ұлы арманы – қазақ мемлекетін құру болды. 1917 жылы шілде айында Орынборда өткен бірінші жалпықазақтық съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы заңдастырылды. Бұл Алаш үкіметін құруға жасалған қадам еді. Совет үкіметі орнағаннан кейін Әлихан Бөкейханов қуғыннан көз ашпады. Ұлтшыл деген айып тағылып, Мәскеуге жер аударылды. Сонда да қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтап қалу жолындағы күресін тоқтатпай, мақалалар, баяндамалар жазған Әлихан Бөкейханов 1937 жылы ату жазасына кесілді. |
|
|
| КОМПОЗИТОР, ДИКТОР БЕКЕНҒАЛИ ЖАМАҚАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ! |
|
 |
Бекенғали Жұмабекұлы Жамақаев 1931 жылдың наурыз айының 17 жұлдызында Семей облысына қарасты Абай ауданының Саржал ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1937-1946 жылдар аралығында Семей қаласындағы №16 қазақ орта мектебін бітірген. Жастайынан Бекен жолдастарының арасында әр түрлі аспаптарда ойнап, дарындылығымен көзге түскен.
1946-1948 жылдары жас композитор Абай атындағы облстық драма театрына әртіс болып жұмысқа орналасып, бірталай сахналық бейнелерді жасауға атсалысқан. Сонымен қатар композиторлық қабілетін шыңдай берген.
1948 жылы Семей қаласындағы педогогикалық училищиге түсіп, аталмыш училищені 1950 жылы бітірген.
1951-1952 жылдары облстың радиокомитетте әдеби қызметкер, 1952-1957 жылдары цензор болып, 1958-1960 жылдарда диктор қызметтерін атқарған.
Бекенғали өнерде Бекен атты есіммен көпшілікке танымал болған. 21 жастағы Бекен денсаулығына байланысты ауруханада көп уақыт жатып қалады. Сол мезетте өзінің ішкі сезімін болашақ жары Майнұрға ән арқылы жеткізу, Нұфтолла Шәкеновтың сөзіне жазылған «Махаббат вальсі» әнінің дүниеге келуі себеп болған. Бұл ән 1955 жылы Қазақ радиосынан Роза Бағланованың орындауында тұсауы кесілген. Әйгілі әншінің орындауындағы «Махаббат вальсі» той-думан, сахналық ойын-сауық кештері өтпейтін болған. Сонымен қатар бұл әнді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов қатты ұнатқан.
Композитор қысқа ғұмырында 70-ке жуық ән шығарған. Олар «Махаббат вальсі» (1955), «Сені ғана» (1964), «Қарағанды вальсі», «Ертіс вальсі» т.б. Замандастары Б. Жамақаевты «Вальс патшасы» деп атап, композитор Шәмші Қалдаяқов екеуінің шығармашылық қолтаңбаларында ұқсастық бар екендігін айтқан. Қазіргі таңда әндерінің біраз бөлігі Қазақ радиосының алтын қорында сақталған.
Бекен Жамақаевтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 2008 жылы ұлы Бахытқали Жамақаев Бекенғалиұлының өтініші бойынша сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1931-2006 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. |
|
|
| ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРДІҢ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ ШӘКІР ЖЕКСЕНБАЕВКЕ – 125 ЖЫЛ |
|
 |
2026 жылғы 28 ақпанда техникалық әскерлердің генерал-майоры Жексенбаев Шәкірдің туғанына 125 жыл толады. Оның жеке тектік қоры Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Құжаттық мұрасы естеліктер, хаттар, өмірбаяндық құжаттар, фотосуреттер және басқа да материалдардан тұрады.
Шәкір Жексенбаев елдің қорғаныс қабілетіне өлшеусіз үлес қосып, КСРО-ның жоғары дәрежелі қолбасшыларының құрметіне ие болды. Оның өмірі мен қызметі, даңқты әскери жолы, қызметтік саладағы жоғары жетістіктері және КСРО Қарулы Күштерінің химиялық әскерлерін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі, қатардағы қызыләскер-кавалеристен техникалық әскерлердің генерал-майорына дейінгі жолы — қазақ халқының мақтанышы болып табылады. |
|
| |
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
Тоқта сыбайлас жемқорлық |
 |
| ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады: |
| Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна. |
| телефон:8(727)2720334 |
| мобильный:8(701)4816169 |
|
|
|