Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
03-09-2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы Арман Оразбайұлы Қырықбаевты Қазақстан...

03-09-2026
АИДА ҒАЛЫМҚЫЗЫ БАЛАЕВА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан...

27-08-2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
Бүгін, 27 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және...

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Онлайн көрмесі
 
Дәулетғалиева Разия Мамаджанқызы ‒ 1921 жылы Алматы қаласында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Мамаджан Ибрагимов Верный қаласында Кеңес өкіметін орнату ісіне белсене қатысқан.
Биші ретіндегі жарқын әрі дара таланты ерте танылды. Мектептің 4-сыныбынан бастап көркемөнерпаздар байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1937–1940 жылдары Пионерлер үйіндегі би үйірмесінде тәлім алды. Көркемөнерпаздардың республикалық олимпиадасында қазақ, ұйғыр және өзбек халық билерін жоғары шеберлікпен орындағаны үшін екі мәрте жүлделі орын иеленді. Олимпиада қазылар алқасының ұсынысымен Қазақ мемлекеттік филармониясына әртіс ретінде қабылданды. Осы кезеңнен бастап оның кәсіби шығармашылық қызметі бастау алды. Көркемөнерпаздар қатарынан шығып, «Қазақконцерт» бірлестігі мен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында балеттің жеке бишісі дәрежесіне дейін өсті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Разия Мамаджанқызы Қазақстан өнер қайраткерлері құрамында Екінші Прибалтика майданының әскери бөлімдерінде концерттік бағдарламалармен өнер көрсетті. Майдан қолбасшылығы оның табысты концерттік қызметі үшін алғыс жариялады.
1947–1952 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы әйелдер ансамблінің солисі болды. 1953–1961 жылдары қайтадан «Қазақконцерт» бірлестігінің балет солисі қызметін атқарды. Осы кезеңде шопандарға, Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне және республика еңбекшілеріне арналған мәдени қызмет көрсету ісіне белсене қатысты. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне белсенді қатысып, өнер көрсетті.
Разия Мамаджанқызы Дәулетғалиева «Еңбектегі айырмашылығы үшін» медалімен марапатталған. Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне мәдени қызмет көрсету ісіндегі еңбегі үшін «Үздік қызметкер» төсбелгісімен наградталды. Сонымен қатар көптеген алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1961 жылы аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды. Сол жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзінің мол шығармашылық және педагогикалық тәжірибесін жас ұрпаққа үйретуге арнады.
Разия Мамаджанқызы Дәулетғалиеваның жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1969 жылғы 22 шілдеде сыйға тарту негізінде қабылданды. 1974 жылы қор құжаттары қосымша материалдармен толықтырылды. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1933-1974 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
 
Тұңғыш қазақ тіліндегі спорт комментаторы, Қазақстан спортының құрметті қайраткері, тележурналист, С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаевты көпшілік біле бермейді. Өмірінің біраз жылын қазақ тілін және де спорттың қазақ тілінде сөйлеуіне жанашырлық танытып, сол үшін қыруар жұмыс атқарған. Кеңестік кезеңде спортты қазақ тілінде сөйлету былай тұрсын, жалпы қазақ тіліне деген көзқарастың қиын кезеңіне қарамай алғаш қазақ тілінде алғаш репортаж жүргізген.
Сұлтанғали Қаратайұлы 1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданына қарасты Ақкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі Қаратай «Ақкөл» ұжымшарын алғаш ұйымдастырып, көп жыл сол ұжымшарды басқарған. 1942 жылы Ақтөбе облысының Қарабұтақ аудандық әскери комиссариатынан майданға шақырылып, 1943 жылы Воронеж түбінде қаза тапқан. Анасы Айдана жан-жарының майданнан ормалмауынан құса болып, ауруға шалдыққан анасынан 5 сыныпта оқып жүрген кезінде айырылған. Тұл жетім қалған жеті баланың бірі -Сұлтанғали Қаратайұлы аға-жеңгесі Молдағали мен Алтынның қолында тәрбиеленеді. Мектепте оқып жүрген кезінде «Қарабұтақ» ауданының «Колхоз» жолы газетінде алғаш мақалалары жарық көрді. Кейін «Лениншіл жас», (қазіргі «Жас Алаш») пен «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жиі мақалалары шығып тұрған. Мектепте оқып жүрген кезінде бокс, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлеріне қатысқан. Сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін, лагерьге дене шынықтыру жетекшісі ретінде жіберіледі. Спортқа алғаш бауыр басу осылай басталған.
1956 жылы орта мектепті үздік бітіріп, 1957 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің ( қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетіне оқуға түсіп, 1962 жылы үздік дипломмен аяқтайды.
Өмірлік жары Мәрияш Рамазанқызын 1959 жылы студенттік сапармен Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Орта Азия және Қазақстан университеттерінің студенттері арасындағы конференциясында жолықтырған екен. Ол конференцияда фразеологизм тақырыбында баяндама жасап, Өзбекстан мемлекеттік университет ректораты құрмет грамотасымен марапатталған3. Ана тілі газетіне берген сұхбатында «Бізді табыстырған Самарқанд қаласын ойласам, әлі күнге дейін жүрегімде жылылық пайда болады. Алғаш таныстығымыз үлкен махаббатқа ұласты» деп айтып кеткендей Мәрияш Рамазанқызымен отасып, үлгілі отбасын құрып, бала-шағасына да жақсы тәрбие беріп өсірген.
С. Қаратайұлының «Өткендерім мен өткелдерім» атты қысқаша өмірдерегінде «...Университетті бітірісімен жолдама алып, Жамбыл облысында орта мектепте мұғалім болдым. 1963 жылдан бастап бірыңғай журналистікке ден қойдым. Әуелі Қазақ радиосында, содан соң Қазақ теледидарында қызмет атқарып жүріп, хабар ұйымдастыру мақсатымен Қазақстанның барлық облысын араладым. 1964 жылы радиода тұңғыш рет ашылған штаттық орынға – қазақ тіліндегі спорт комментаторлығына тағайындалдым..» деп көрсеткен.
15 жылға жуық Қазақ телерадиосында қызмет атқарады. Алғаш журналистік қызметі радиодан басталып, теледидарға жалғасады.
1980 жылы КСРО журналистер Одағына мүшелікке қабылданады.
Қазақстан спорт журналистикасының көшін бастаған, спорт жарыстарына барып, көргендерін қалың оқырманға ұсынып, шығармашылық еңбегінің нәтижесінде футбол, хоккей бағдарламаларын тұңғыш рет қазақ тілінде шығарды.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев жеке қорының құжаттарын 2013 жылы өзі сый ретінде тапсырған. Құжаттары 1954-2015 жылдар аралығын қамтитын өмірбаяндық, қызметіне қатысты, хаттар, шығармашылық, С. Қаратаев туралы, фотоқұжаттары және жинаған құжаттары бар.
 
Илья Маркович Парецкийдің жеке архиві 1984 жылы жұбайының сыйға тартуымен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне мемлекеттік сақтауға қабылданды. Құжаттық мұра құрамында жазба мақалаларының қолжазбалары, радиохикаялар, радиорепортаждар, өмірбаяндық сипаттағы құжаттар, рецензиялар, фотоқұжаттардың түпнұсқалары бар
 
Қазақтан шыққан тұңғыш математика саласы бойынша профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш Орда» тұңғыш қазақ ұлттық үкіметінің мүшесі ӘЛІМХАН ӘБЕУҰЛЫ ЕРМЕКОВТІҢ өмірге келгеніне биыл 135 жыл толды.
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 1970, Қарағанды қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик-ғалым, профессор (1935). Математика саласы бойынша профессор атағын алған тұңғыш қазақ.
Семей гимназиясын (1912) және Томск технология институтын (1921) бітірген. 1917 жылы І және ІІ Жалпықазақ съездеріне қатысып, Алашорданың Семей облыстық комитетінің мүшесі болып сайланды.
1919–1920 жылдары Қазақ (Қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің мүшесі және коллегия төрағасы қызметін атқарды. 1920 жылы Мәскеуде өткен комиссия отырыстарында Қазақ автономиясының шекарасы туралы баяндама жасап, қазақ зиялыларымен бірге қазақ жерінің аумақтық тұтастығын ресми құжат жүзінде бекітуге өлшеусіз үлес қосты. Кейіннен Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, өнеркісіп секциясының меңгерушісі болды. VI–VII сайланған ҚазОАК мүшесі.
1927–1937 жылдары Ташкенттегі Қазақ ағарту институтында, Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтында, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік және Алматы Кен-металлургия институттарында ұстаздық етіп, кафедра басқарды. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Ұлы математика курсы» (1935) оқулығы мен «Қазақ тілінің математика термині» (1936) түсіндірме сөздігінің авторы.
1930–1947 жылдар аралығында «ұлтшыл-алашордашыл» деген айыппен үш рет сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде айдауда болды. 1955 жылы бостандыққа шығып, 1957 жылы толық ақталды. Өмірінің соңғы жылдарында Қарағанды политехникалық институтында математикадан дәріс берді.
 
Марат Жақсыбайұлы Хасанаев 1946 жылы 21-ші мамырды Алматы облысы, Жамбыл ауданының «Қоғамшыл» ауылында, мұғалімдер отбасында дүниеге келген.
М. Хасанев 1963 жылы Дегерес орта мектебін алтын медальмен бітіріп, сол жылы В.И. Ленин (қазір Қ. Сәтбаев) атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетіне оқуға түседі. 1966 жылы әскерге шақырылып, 1969 жылға дейін Отан қорғау саласында қызмет еткен. Әскер қатарынан оралғаннан кейін 1969 жылы Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтына түсіп, оны 1974 жылы үздік бітірген.
1974-1979 жылдары Қазақ ССР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында аға ғылыми қызметкер, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасында аға инспектор болып істеген. Сонымен бірге 1982, 1983 жылдары Қазақтың С.М. Киров атындағы ұлттық университетінде мұрағат ісі жөніненде дәріс оқыған.
М. Хасанаев қызметін атқара жүріп 1979-1991 жылдары «История государственных архивов Казахстана с конца ХІХ в. до настоящего времени» (кейін өзгертіліп «Архивное строительство в Казахстане (1917-1941 гг.)» деп аталған) деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясымен шұғылданған. 1991, 1992 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұстаздық қызмет істеген.
1979-1994 жылдары Қазақ ССР Орталық мемлекеттік мұрағатында директор болған. М. Хасанаев 1994 жылы ҚР «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының негізгі нұсқасын жасаған. 1994-1997 жылдары ҚР Министрлер Кабинетінің құжаттама бас басқармасының бастығы қызметін атқарған. 1997-1999 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып қызмет еткен. 1999-2001 жылдар аралығында «Қазақстан-Сорос» қорында сарапшы, Қазақстанның ерікті тарихи-ағарту «Әділет» және құқық қорғау қоғамы басқармасының мүшесі ретінде «Азалы кітап» жинағын құрастыруға атсалысқан.
Әскери және саяси дайындықта жоғары нәтиже көрсетіп, И. Тайманов пен М. Өтемісовтың хаттарын жариялағаны үшін мақтау, құрмет грамоталарын алған. Сонымен бірге «Культурное строительство в Казахстане. Т. 2 (1933 июнь – 1941 гг.)» деп аталатын жинақты құрастырып республикалық конкурста 1-ші орын алғаны үшін дипломмен марапатталған.Ол 1990 жылы Қазақ ССР-нің Халық депутаттығына 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған.
М. Хасанаев «КСРО мұрағат ісінің үздігі» (1982 ж.) белгісімен, СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын медалімен марапатталған. Ол 20-дан астам жинақтың 200-дей тарихи, мұрағаттық және құқық қорғау тақырыптарына жазылған ғылыми мақалалардың авторы. М. Хасанаев 2000 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры қызметіне тағайындалып, оны 2002 жылдың қаңтарына дейін атқарған.
М. Хасанаевтың жеке қорының құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына 2002 жылы зайыбы Ж. Нұрманбетқызының өтініші бойынша сый ретінде қабылданған. Марат Жақсыбайұлы 2002 жылы 17-ші қаңтарда қайтыс болған. Істер ғылыми тұрғыда ретке келтіріліп, 1935-2004 жылдар аралығындағы құжаттарды қамтиды. Тізімдемеге М. Хасанаевтың өмірбаяндық құжаттары, қызмет бабына қатысты құжаттар, шығармашылық құжаттары, мұрағат ісі жөніндегі жинақтары, хаттар және т.б құжаттар енгізілген.
М. Хасанаевтың мол мұрасы егеменді еліміздің игілігіне айналып, болашақ ұрпақтардың рухани қазынасы бола беретініне сеніміміз мол
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz