Мемлекеттік рәміздер |
| Барлығын көрсету | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
|
|
|
|
|
|
|
| ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ! |
|
 |
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде жеке тектік қоры сақталған көрнекті ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің авторы, Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғабдулқайым (Қайым) Мұхамедхановтың (05.01.1916 – 30.06.2004) туғанына 110 жыл толып отыр.
Ғабдулқайым (Қайым) Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі Мұхамедхан – сауатты, көзі ашық азамат болған. Ол Семейде жарық көрген «Сарыарқа» газетіне, «Абай» журналына меценаттық қолдау көрсеткен. Алайда 1937 жылы «ислам діни қозғалысының белсенді мүшесі» деген жалған айып тағылып, 2 желтоқсанда ату жазасына кесілді.
Ғ. Мұхамедханов 1924–1928 жылдары қазақ бастауыш мектебінде оқып, 1929–1930 жылдары колхоз жастары мектебінде білім алды. 1935–1938 жылдары екі жылдық мұғалімдер даярлау курсында оқыды. 1938 жылы Семей Қазақ мемлекеттік оқытушылар институтына түсіп, оны үздік тәмамдады. 1941 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, осы оқу орнында қалып, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды.
1941–1942 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарып, денсаулығына байланысты әскери қызметтен босатылған соң, Семей педагогикалық институтындағы оқытушылық қызметін жалғастырды.
Ғ. Мұхамедханов студенттік шағынан бастап әдебиет тарихын зерттеумен айналысты. Осы кезеңде отыздан астам ғылыми мақаласы жарық көріп, 1937–1940 жылдары 20-ға жуық өлеңі мен екі поэмасы жарияланды.
Ол 1940–1941 жылдары Семей қаласындағы Абай әдеби музейінде аға ғылыми қызметкер, 1947–1951 жылдары музей директоры, 1942–1947 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі қызметтерін атқарды. 1955–1990 жылдары Семей педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор болды. 1991–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер ретінде еңбек етті.
Ғ. Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын зерттеу болды. Ол 1939 жылдан бастап Абайдың ақындық мектебі мәселесін арнайы қарастырып, «Абайдың әдеби мектебі» атты еңбегін жариялады. 1951 жылы осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Алайда көп ұзамай жалған айыптар тағылып, 25 жылға сотталды. 1954 жылы Қазақ КСР Жоғарғы соты Президиумының қаулысымен толық ақталып, қайтадан педагогикалық қызметке оралды. 1958 жылы «Абай төңірегіндегі ақындар» тақырыбында екінші рет кандидаттық диссертация қорғады.
Ғ. Мұхамедханов – Семей қаласының және Абай, Аягөз және Жаңа Семей аудандарының құрметті азаматы. Абайтану саласына қосқан ерен еңбегі үшін 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ғабдулқайым (Қайым) Мұхамедхановтың Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде сақталған жеке тектік қоры 1938–1998 жылдарды қамтитын 62 істен тұрады. Қор құрамына шығармашылық мұралары, өмірбаяндық құжаттары, өзі туралы материалдар мен фотоқұжаттар енгізілген. Жеке тектік қор ғалымның өмірі мен қызметін тереңірек тануға мүмкіндік береді. |
|
|
| Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақстандағы Ұйғыр музыкалық-драма театрының әртісі Илиева Халичаға (Хадиша) 115 жыл |
|
 |
2026 жылдың 2-қаңтарында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде жеке тектік қоры сақталған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақстандағы Ұйғыр музыкалық-драма театрының әртісі Илиева Халичаның (Хадиша) туғанына 115 жыл толып отыр.
Х. Илиева өнер жолын 1927 жылы көркем өнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1930 жылы бұл үйірме өзіндік театрлық топқа айналып, 1932 жылы Алматы қаласына көшіріледі. 1935 жылдың күзінде аталған топ жаңадан ұйымдастырылған Ұйғыр музыкалық-драма театрының құрамына енеді (қазіргі Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры). Х. Илиева осы театрда 1957 жылға дейін шығармашылық жолында еңбек еткен.
Өзінің әртістік қызметі барысында Х. Илиева ұйғыр, қазақ және орыс драматургиясынан көптеген есте қаларлық сахналық бейнелерді сомдады. Әсіресе А. Садировтың «Анархан» пьесасындағы Гүлзарихан, А. Каххардың «Шелковое сюзане» пьесасындағы Ана бейнесін, Н. Хамза Хакимзаденің «Бай мен батрак» пьесасындағы Жамилә рөлін және басқа да қойылымдарда өзін жан-жақты көрсете білген.
1936 жылы кеңестік ұйғыр өнерін дамытудағы сіңірген еңбегі үшін Қазақ КСР Үкіметі оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі құрметті атағын берді.
Халича Илиеваның жеке тектік қорында 1934-1972 жылдарды қамтитын құжаттары жинақталған. Қор құрамында шығармашылық, өмірбаянына қатысты, фотоқұжаттары, Х. Илиева туралы жазылған мақалалар бар. Қор иесінің өнері мен құжаттарына танысуға қызығушылық танытқан зерттеушілерін күтуде. |
|
|
| ЖУРНАЛИСТ ҚАЗБЕК СҮЛЕЙМЕНОВИЧ СҮЛЕЙМЕНОВКЕ — 2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНДА 120 ЖЫЛ |
|
 |
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде Қазақстан журналистер одағының алғашқы мүшелерінің бірі Қазбек Сүлейменович Сүлейменовтің жеке қоры сақтаулы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында К.С. Сүлейменов әскери тілші әрі «На разгром врага», «Суворовец» атты майдандық газеттердің редактор орынбасары болды.
1950-жылдары К.С. Сүлейменов – Қазақ оқу-педагогикалық баспасының редакторы, Алматы облыстық «Коммунизм таны» газетінің мәдениет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Ведомости» басылымының жауапты хатшысы және республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
Қазбек Сүлейменович Сүлейменовтің жеке қорында қолжазбалар (мақалалар, рецензиялар, очерктер, фельетондар, аудармалар), хат алмасулар, өмірбаянына қатысты материалдар, фотосуреттер және басқа да құжаттар сақтаулы. |
|
|
| КИНОРЕЖИССЁР ЕФИМ ЕФИМОВИЧ АРОННЫҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ |
|
 |
2026 жылдың 1 қаңтарында кинорежиссёр, сценарист, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Ефим Ефимович Аронның туғанына 120 жыл толады. Оның жеке қоры Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы.
Мәскеуде А.М. Роомның киношеберханасын тәмамдады. Сол жылдан бастап режиссёр С.М. Эйзенштейннің түсірілім тобында режиссёрдің көмекшісі болып жұмыс істеп, "Старое и новое”, "Октябрь" фильмдерінің түсіріліміне қатысты.
Аронның режиссёрлік еңбектерінің қатарында: "На Дальнем Востоке" (1937, Д. Марьянмен бірге), "Белая роза" (1943), "Песни Абая" (1946, Г. Рошальмен бірге), "Золотой рог" (1948), "Ботагоз" (1957), "На диком бреге Иртыша" (1959), "Там, где цветут эдельвейсы" (1965, Ш. Бейсембаевпен бірге) фильмдері бар.
Е.Е. Арон "Турксиб" (1929, В. Шкловскиймен бірге), "Песни степей" (1930), "Тоннель" (1934), "Там, где цветут эдельвейсы" (1965, С. Мартьяновпен бірге) фильмдерінің сценарийін жазды.
Ефим Ефимович Аронның жеке қорына шығармашылық қызметіне қатысты, оның ішінде фильмдерге арналған сценарийлер, хаттамалардан үзінділер, жоспарлар, қорытындылар, кинопробалар мен жұмыс сәттерінің фотосуреттері, қолжазбалар (мақалалар, баяндамалар, рецензиялар), хат алмасулар, сондай-ақ өмірбаянына қатысты деректер және Арон жинаған қызығушылықтарына байланысты материалдар және басқа да құжаттар енгізілген. |
|
|
| Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты панфиловшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл! |
|
 |
24 желтоқсан ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі, талантты әскербасы әрі жазушы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының дүние есігін ашқан күн!
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне жеке қорының құжаттарын тұңғыш рет 1951 жылы мемлекеттік сақтауға өзінің бастамасымен тапсырған. Ары қарай 1960-1965 және 1969-1970 жылдары да үздіксіз құжаттар өткізген. Құжаттар ғылыми–техникалық өңдеуден өтіп, 1927-1975 жылдар аралығын қамтитын мыңнан астам істерді құрайды. Құжаттарының құрамына шығармашылығына қатысты «За нами Москва», «Наша семья» «Офицердің күнделігі», «Генерал Панфилов», «История одной ночи» кітаптарының қолжазба күйінде және автордың өзгертулерімен бірнеше нұсқалары қоса өткізген.
Аталған еңбектерінде соғыста көрген-білгенін шынайы түрде сипаттап жазған. Бұл еңбектерінен Б. Момышұлын батыр ретінде ғана емес, шебер жазушы болғанын дәлелдейді.
Құжаттарының біршама бөлігін хат алмасулар құрайды. Атап айтатын болсақ, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Д. Снегин, С. Мұканов, К. Сатпаев, Н. Оңдасынов, А. Жұбанов, А. Нұрпейісов, Ғ. Орманов т.б. танымал тұлғалармен жазысқан
Б. Момышұлы өзінің ғылыми әскери баяндама, пікірлері де жеке тектік құжаттарында бар. Олар 9-ші атқыштар дивизиясын ұйыымдастыру туралы 1945 жылғы баяндамасы, әскери тактика, операция туралы дәрістері мен далалық уставтарына өзінің әскери пікірлерін білдіргендігі туралы құжаттары бар.
Өмірбаянына қатысты құжаттар тобында әскери өміріне, қызметіне байланысты және марапаттары мен құттықтаулары бар. Соның ішінде Р. Қошқарбаевқа «Кеңес Одағының батыры» атағын алу жөнінде ходатайство, 1963 жылы Кубаның сыртқы істер министрі Рауль Кастроның Кубаға шақыртуы және іс-сапары туралы құжаттары бар. Бұл құжаттар тобында Кубаға барған іс-сапарында жауынгерлік дайындық туралы дәріс оқыған екен. Кубадағы революциялық қарулы күштердің 51-ші полкінің құрметті командирі атағы берілгендігі қор құжаттары дәйектейді.
Бейнелейтін құжаттар тобына Б. Момышұлының мектеп жасы кезеңіндегі, соғыс кезінде, іссапарда, әскери оқу барысында, отбасымен және өнер майталмандарымен бірге түскен фотолары бар.
Б. Момышұлы құжаттарын аманат етіп келіні Зейнеп Ахметоваға қалдырған. 45 жылдан аса уақыт көзінің қарашығындай сақтап келген қосымша құжаттарды 2022 жылы Орталық Мемлекеттік архивке өткізді. Сонымен архив тың деректермен тағы да толығып, бір ізге келтіріліп, қор құжаты тағы 350 іспен толықты. Құжаттар 1923-2018 жылдар аралығын қамтиды.
Бауыржан Момышұлының жеке мұрағаты – тек тарихи дерек емес, ұлт рухының айғағы, әрбір жазбасы – тарихқа айналған тағдырдың куәсі.
Мәлік Ғабдуллинге жазған бір хатында: «Құдай бар, архив бар. Мен құдай мен архивтің құлымын» деген екен.
Сондықтан да Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми еңбектер мен зерттеулерді әлі де талап етеді деп санаймыз.
Асыл азаматтың артына қалдырған рухани дүниесі ұрпаққа ұран, ерлігі елге мұра, ұтқыр сөзімен, даналығымен, болашақты болжайтын кемеңгерлігімен ел есінде мәңгілік сақталатын ұлы тұлға.
Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы құтты болсын! |
|
| |
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
Тоқта сыбайлас жемқорлық |
 |
| ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады: |
| Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна. |
| телефон:8(727)2720334 |
| мобильный:8(701)4816169 |
|
|
|