Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
08-12-2021

Зерттеушілердің назарына!
ҚР ОМА-нің оқу залы алда болатын архив қорларының құжаттарын тексеру...
04-11-2021

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына
Кел, балалар, оқылық! Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бұл үндеуін...
28-10-2021

Қазақстандық парламентаризмнің 25 жылдығына
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996...
03-08-2021


АРХИВ ІСІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Қызмет көрсету
uploads/images/services_kz.jpg Мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының назарларына. Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттарды мұрағаттық сақтауға алуды ұйымдастыру, құжаттық іс жүргізу, құжаттаманы басқару мәселелері бойынша түсініктеме береді. Мұрағат құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізеді. Мұрағат ісі саласында біліктілікті көтеру курстарын жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы анық-тамалар береді. Азаматтар мен мекемелер сұраныстары бойынша, оларды әлеуметтік-құқықтық қамсыздандыру мақсатында сақтауда бар мұрағаттық құжаттар негізінде еңбек өтілі, жалақы мөлшері және тағы да басқа мәселелер бойынша анықтамалар береді.

uploads/images/services_kz.jpg Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты «Ұйымдардың ведомстволық және меншік мұрағаттары құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» курстарын жүргізеді. Ұйымдардың құжаттамалық қызметтерінің және ведомстволық мұрағаттарының қызметкерлерін, офис-менеджерлерді, хатшыларды, хатшы-референттерді және т. б. шақырамыз.
Тыңдаушылар құжаттармен жұмыс жасауда, соның ішінде электронды тасымалдуыштардағы теориялық және практикалық дағдыларды алады. Курстың әдістемесі Қазақстан Республикасының мұрағат саласындағы заңнамалық және заңға қосымша нормативтік-құқықтық нормаларын пайдалануға негізделеді. Дайындалған таратуға арналған пакет олардың күнделікті практикалық қызметінде аса құнды көмек көрсетпек.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат табыс етіледі. Оқұдың құны - 40 560 (қырық мың бес жүз алпыс) теңге.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Абай даңғ., 39, байланыс телефоны 267-14-38. Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты


"Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе үзінді көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін алу үшін жеке және заңды тұлғалар мына мекенжайға жүгіне алады:
1.Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің кеңсесіне ( 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы,39; cga_rk@mail.ru)
2."Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
3.«Электрондық үкімет» www.egov.kz; EOtinish.kz веб-порталы арқылы

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінішті қабылдау

Мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет

1.Электрондық браузердің мекенжай жолына> www.egov.kz мекенжайды енгізу керек
2.Электрондық порталдың басты бетінде > "КІРУ"сілтемесін басу арқылы жеке кабинетке кіруді орындайсыз.
3.Ұсынылған нұсқаларда «ЭЦҚ» қойындысын таңдап, «Сертификатты» таңдау батырмасын басыңыз.
4. «Сертификатты» таңдау үшін жолды көрсету қажет электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық қалтаға жеке құпия сөзді енгізу және жүйеге кіру терезесінде пайда болған файлды таңдаңыз.
5. «АРХИВТІК АНЫҚТАМА» - деп Іздеу жолына енгізесіз.
6. "АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР» беру деген жолды таңдап Қазақстан Республикасының Ұлттық архив, орталық мемлекеттік архивтер" ары қарай сілтеме бойынша > Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік архив" РММ- деген сілтемені таңдайсыз РММ (ҚР ОМА).
7. "ҚЫЗМЕТКЕ ОНЛАЙН ТАПСЫРЫС БЕРУ" Батырмасын басу керек.
8.Бұдан әрі берілген нысандар бойынша кестені толтыру қажет.
9. Жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесін, уәкілетті өкіл жүгінген кезде өкілеттікті куәландыратын құжатты немесе үшінші тұлғаның құжаттын алуға құқығы бар нотариалды куәландырылған сенімхатты енгізу қажет.
Жұмыс өтілі туралы мәліметтерді сұратқан кезде еңбек кітапшасының көшірмесін > "ҚОСУ"батырмасымен жапсырылады.
10. Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылады.
11. Көрсетілген қызметтің нәтижесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік архив (ҚР ОМА) пошта арқылы көрсетілген мекенжайға немесе көрсетілетін қызметті алушыға жеке беріледі.


ЕOtinish.kz қалай қолдану керек?

Өтінішті egov.kz порталы, Е-Otinish, Aitu мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.
1. Электрондық браузердің мекенжай жолына> www.egov.kz мекенжайды енгізу керек.
Электрондық порталдың басты бетінде > "КІРУ"сілтемесін басу арқылы жеке кабинетке кіруді орындайсыз.
EOtinish.kz тіркелу және кіруді таңдаңыз.
БІРІНШІ ҚАДАМ.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ – таңдаңыз сосын өтініш жазыңыз.
ЕКІНШІ ҚАДАМ. Смартфонның алдыңғы камерасы арқылы Digital ЭЦҚ цифрлық сәйкестендіру арқылы өтінішке қажетті құжаттарды тіркеңіз.
ҮШІНШІ ҚАДАМ. Aitu – дан SMS немесе push-хабарлама түрінде жауап дайындығы күйін алыңыз.


Құрметті талапкер!

Жұмыс өтілін, лауазымдық жалақысын, марапаттауды, ғылыми дәрежелер мен атақтар беруді және т.б. растауға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі жеке басын куәландыратын құжатты не құжатты алуға нотариат куәландырған сенімхатты үшінші тарап ұсынады.
Өтініш берген кезде қандай архивтік анықтама алғыңыз келетінін көрсету қажет. Тегі (қыз кезіндегі тегі), аты, әкесінің аты (бар болса, ақпарат сұратылатын адамның туған күні) ақпарат сұратылатын кезең), (күні, айы, жылы) көрсетіңіз.
Бар болған жағдайда сұратылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін қоса береді.

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group