Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
04-11-2021

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына
Кел, балалар, оқылық! Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бұл үндеуін...
28-10-2021

Қазақстандық парламентаризмнің 25 жылдығына
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996...
03-08-2021


АРХИВ ІСІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
14-06-2021

2021 жылдың маусым айының 11-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында архивтің түпнұсқалық
2021 жылдың маусым айының 11-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
АБАЙ ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІН АШТЫ
2020 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан халқына мәлімдеме жасап, 1993 жылы басталған жұмысты аяқтау үшін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырма берсе, 2020 жылы 24 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» №456 Жарлығымен аталған комиссия құрылған болатын. Осы комиссия бүгінгі таңда жазықсыз жазаланып, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды толық ақтау бойынша өз жұмысын бастап кетті. Бұл жұмыс сонау «қайта құру» кезеңінің «жариялылық жылдарында» басталып, 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңмен (2018 жылы 2 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) бекітілгеніне қарамастан бізге белгілі және белгісіз себептермен аяқсыз қалған болатын. Міне, осындай игі істерге мұрындық болған тұлғалардың бірі – «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының белсенді мүшесі, тарихшы-архивтанушы, қоғам қайраткері, 1980-1994 және 2000-2002 жылдардағы ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994-1996 жылдардағы ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Бас архив басқармасының басшысы Марат Жақсыбайұлы Хасанаев еді. Кезінде қазақ архиві мен тарихы деп шырылдаған, бүгінде өзі де архивке айналған М.Хасанаевтың 415 сақтау бірлігінен тұратын жеке қоры ҚР Орталық мемлекеттік архивінде сақталып тұр. Бүгін туғанына 75 жыл толып отырған М.Хасанаевтың жеке құжаттарын сөйлете отырып, қазақ архиві мен тарихы, М.Хасанаев туралы әңгімелеуді жөн көрдік.

«Архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды!» деген тарихшы-архивтанушы М.Хасанаев – архив ісі бойынша арнайы мамандық алған бірден-бір басшы. Архив ісінің майын ішкен кәсіби маман 1980-1994 жылдары Орталық мемлекеттік архивтің директоры болса, 1994-1997 жылдары ҚР Министрлер Кабинетінің жанындағы Бас мұрағат басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. М.Хасанаев Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттық заңнамасының қалыптасу бастауында тұрды және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының авторларының бірі, оған мұрағаттық құқықтың негізгі іргелі негіздерін енгізді. Осы кезеңде жабық жатқан көптеген қор ашылып, тарихшылардың назарына ұсынылды. Ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау, оларды есепке алу мен тексеру, қор құжаттарын пайдалану мен ғылыми тұрғыдан жариялау үрдісі қалыптасты. Тікелей Үкімет қарамағында болғандықтан, өкімет мүшесі ретіндегі басқарма басшысының мәртебесі – архив ісін өз деңгейінде ұйымдастыруға, архивке қажетті қаражат көздерін бөлдіруге ыңғайлы болған еді.

М.Хасанаев – Қазақстан тарихының сан қырлы тақырыптары бойынша, архив ісінің мәселелеріне қатысты 200-ге жуық ғылыми еңбектің, мақалалар мен баяндамалардың авторы; 20-дан аса архив құжаттары мен материалдары жинақтарының құрастырушысы болды.

Ол Еліміз тәуелсіздігін алған кезде архив ісін ­дамыту, алға қарай жылжыту үшін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындап берді. Ол сол кездің өзінде: «Біздің бүгінгі таңдағы бірінші міндетіміз – архив саласы мен Ұлттық архив қорының жұмыс істеуі және толыққанды қызмет етуі үшін заңнамалық база ­дайындау. Бүгінгі таңға дейін әртүрлі себептермен 1991 жылы дайындалған «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңның қабылдануына кедергі келтірді. Қазіргі уақытта заң жобасы Республика Президентінің қарауында жатыр. Келесі міндет – архив кеңістігін, ең алдымен, бұрынғы КСРО ауқымында қалпына келтіру. Әрине, құжаттардың дәстүрлі емес нысандарының пайда болуы, құжатсыз байланыс нысандарының кеңеюі мұрағат ісі, компьютерлендіру саласында ғылыми-техникалық реформаны қажет етеді» деп нақты болжам жасады.

М.Хасанаев архив құжаттарына сүйене отырып, А.Құнанбайұлы өмірінің белгісіз беттерін ашты. Ш.Уәлиханов зиратының ашылу тарихын жазды. Ежелгі Түркістан мен ондағы қазақтың хандары, билеуші тұлғалары жерленген пантеон жайында қалам тербеді. Ол Алматыдағы Баум тоғайының ­жасалу тарихын және оны еккен бағбанның тағдырын жаңғыртты. Атақты географ Пржевальскийдің Орталық Азияға соңғы сапарының тарихы жайында жазды. Әлемдік балуандар сайысында ешқашан ­жауырыны жерге тиіп көрмеген, қартайғанына қарамай соғыс жылдары ел аралап өнер көрсетіп, Отан қорғау үшін әскери ұшақ соғуға арнап екі қап ақша жиған атақты Қажымұқанның кеңестік бюрократиядан қалай жеңілгенін архив деректері арқылы көрсетіп берді. Еліміздің өзге де көптеген танымал адамдары жайында архив құжаттарын сөйлетті.

М.Хасанаевтың «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы­ның мақсат-міндеттеріне орай жазған жұмыстары өз алдына бір төбе. 1930 жылдарғы Қазақстандағы алапат аштық шындығын баспасөз бетінде елімізде бірінші болып көтерді. Аштық куәгері болған жас орыс қызының көз алдында бір түйір нанға зар болып бұралып өлген адамдарды көргендегі әсерін, адам жанын түршіктірер оқиғалардан түйген өлеңін ол архив қоймасына сақтауға алған екен, соны 1988 жылғы көктемде республикалық жастар газетіне берген мақаласында жария етті. Бұл қайта құру саясатының біздің елімізде де үстемдік құрып, жариялылықтың бел ала бастаған шағы болатын. Содан бастап ол тарихи «ақтандақтарды» зерттеп, шындықты қалпына келтіру жұмысына белсене атсалысты. Саяси айыптаулар салдарынан тыйым салынған тұлғаларды қайта жағыртуға атсалысты, ол еңбектерге алғысөздер жазды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған бірқатар республика басшыларының күрделі замандағы саяси портреттерін жасады. М.Хасанаев 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі жөнінде де жазды. Ол бұл кезеңнің еліміздің жаңа тарихында суайрық секілді айрықша орын алатынын атап айтқан болатын. М.Хасанаевтың пікірінше, жастардың бұл қозғалысының тамыры тереңде жатты: орыстандыру үдерісінің тереңдей түсуі, ұлттық ерекшеліктердің жойылуға ашық бет алуы, қазақ тілінің қолданылу аясының тарылуы, экологиялық проблемалардын шиеленісіп, өзектілігі арта түсуі секілді белгілі жайттардан басқа, орталықтағы партиялық-мемлекеттік номенклатура күйттеген мүдделердің жергілікті басшылық пен халықтың көздеген мақсаттарынан алшақ жатқандығында деп нақ көрсеткен болатын. М.Хасанаев бұл алшақтық КОКП басына М.Горбачев келгенде мүлдем ашық та айқын көрініс тапты деп санады.

М.Хасанаев жауапты қызметкер ретінде еліміздің ХVІІІ ғасырдың басынан қазіргі заманға дейінгі тарихына қатысты құжаттарды жинақтаған ең ірі архивті басқарды. Әдетте, зерттеушілердің қызығушылығын кеңестік кезең қорлары тудыратын еді. Өйткені тарихқа саясаттың қызметшісі ретінде қарайтын жүйе бұрын бұл қорлардың есігін жабық ұстаған еді. Ол «Әліби Жангелдиннің қызыл керуені», «Революционерлерге көмек берудің халықаралық ұйымы» құжаттары, ХХ ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдардағы аштық және ұжымдастыру кезеңі бойынша жинақталған қорларды біртіндеп ашу жұмыстарының басында тұрды.



Осындай жұмыстарды жүргізу барысында М.Хасанаев аштық пен ұжымдастыру кезеңінің қорлары ұзақ жылдар құпия ұсталған кездерде «тазартуға» ұшырағанын аңғарды. Бұл әрекеттің сол замандағы келеңсіз тірліктер мен қылмыстардың ізін жасыру мақсатында жасалғаны күмәнсіз еді. Осылайша, кәсіби архивист жазықсыз жандардың қасіретті тағдыры мен тарихтың талай көмескі бетін шыншыл деректермен толықтыра алатын құжаттардың ­жоспарлы түрде мұқият жойылып, күзелгенін өкінішпен байқады.

1996 жылы 10 қарашада Алматы қаласында өткен ҚР Орталық Мемлекеттік архивінің 75 жылдығына орайластырылған ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Бас архив және құжаттама басқармасының бастығы М.Хасанаев «Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы архив ісі» тақырыбында баяндама жасады. Ол 1920-1922 жылдар аралығында Қазақ жеріндегі архив ісі қалай ұйымдастырылғаны туралы айтты. 1918 жылы 1 шілдеде В.И.Ленин қол қойған «РСФСР-дағы архив ісін орталықтандыру және қайта ұйымдастыру» декреті Қазақстанға қалай әсер етті?» деген сауалға жауап берді. Қазақстан аумағы революцияға дейін Ресейдің әртүрлі облыстарына қарағандықтан Қазақ елі мен жеріне байланысты құжаттар мен деректік материалдар Орынбыр, Омбы, Ташкент, Астраxан сынды қалаларының архивтерінде шоғырланды. Қазақстандағы архив ісінің алғашқы жылдардағы қалыптасуының тағы бір ерекшелігі – азамат соғысымен байланысты құжаттардың жойылуы және архивтерден өткен тариxты бейнелейтін құнды материалдардың жойылуы екенін атап көрсетті.

М.Хасанаев архивтердің қоймала­рындағы құнды құжат қорларының жойылып кету қаупі бар ма деген сауалға былай жауап береді: «Шыны ­керек, Қазақстан Республикасының Бас архиві өзінің 75 жылдығын заңсыз түрде қарсы алып жатыр ­деуге де болады. 1991 жылғы тәуелсіздігімізді алғалы бері біз бірнеше рет архив саласына байланысты заңдарды қарастырдық. Қазақстанның архивтерінің қалыптасуына ары қарай алға жылжуына заң қажет етеді дейді. Қазақстанның архивтерінің алға ­жылжуына негізгі кедергілердің бірі – технология. Себебі қазіргі кезде бүкіл әлем компьютер заманына өтіп жатыр, ал біз болсақ әлі де қолмен жұмыс жасаймыз. Қоймалар мен бөлмелерде бірдей көлемінде температуралық-ылғалдылық жүргізілмеген. Тіпті полиграфиялық база да жоқ. Көрші Қытай мемлекетінде галлографиялық және виртуалдық архивтер кездеседі» деп, архив ісі саласындағы кемшіліктерге қатысты ойларын білдірді.

М.Хасанаев «Қазақстандағы архив ісінің кейбір мәселелері» атты мақаласында Қазақстан Республикасындағы архив ісінің ішкі жағдайының қиындау екенін айқындап берді. Қазіргі таңда республикамыздағы мекемелердің архиві бар-жоғы – 300-ге жуық. Оның ішінде 4 республикалық архив, 19 облыстық басқару органдарының, 43 оның филиалдарының, 2 орталық – Алматы және ­Ленинск, 18 аудандық және 25 қалалық архивтер мен бір республикалық микрофильмдеу және құжаттарды реставрациялау лабораториясы бар екендігін көрсетті. М.Хасанаев бұл мақаласында республикамызда архив мекемелері мен қоймаларында ненің жетіспейтінін, архив қызметкелерінің жұмысында кездесетін қиындықтарын, архивтерге келіп түскен құжаттардың (киноқұжаттардың, фотоқұжаттардың, фоноқұжаттардың) материал­дарын іріктеу, сараптау, құндылығын анықтау жүйелерін атап көрсеткен болатын. Ең ­алдымен, архив құжаттарының физикалық сақталуын қамтамасыз ету үшін бөлмелердегі ауаның ылғалдылығын, температурасын бір қалыпта сақтаудың, қор сақтау қоймаларын кондиционерлермен қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетті. Тез арада мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының қоймаларына үлкен ауқымдағы өрт сөндіргіштерді орнату туралы айтты.

«Шынайы ұлылыққа ештеңе аздық етпейді»... Бұл – ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ­директоры, ғалым-зерттеуші, кәсіпқой архивист М.Хасанаевтың өмірлік ұстанымы.

Меруерт Шәріпанова,

ҚР Орталық мемлекеттік архивінің

Ғылыми-ақпараттық жұмыс және

ғылыми-анықтамалық аппараты

бөлімінің қызметкері

Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген....

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group