Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
27-07-2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматқа парыз
АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік...
20-07-2020

Пайдалы бос уақыт
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің...
13-07-2020

13 шілде 2020 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту...
10-07-2020

10 шілде 2020 жыл
Архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева марапатталды
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова 90 жаста
Бибігул Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы желтоқсан айының 16-шы жұлдызында Семей қаласында партия қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Әкесі Ахмет Төлегенов 1904 жылы туған. Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатонкарағай аудандық партия комитетінің хатшысы қызметінде жүргенде «Халық жауы» деген жаламен репрессияға ұшыраған. Қайтыс болған соң көп жылдан кейін 1958 жылы ғана ақталған. Шешесі Майнур Төлегенова 1912-ші жылы туған. Ол кісі 1937 жылға дейін үй шаруасында болады, жұбайы ұсталғаннан кейін Семейдің ет комбинатында, жүн өңдеу заводында әртүрлі жұмыстар істеген.
Б. Төлегенованың ата-анасы өнерпаз адамдар болған. Әкесі- Ахмет скрипка, мандолин, домбыра сияқты аспаптарда емін-еркін ойнайтын қабілетті кісі екен. Ал, шешесі – Майнұр жұбайының сүйемелдеуімен қазақтың, татардың халық әндерін тамылжыта орындайтын әнші, цыган әндерін билеп жүріп айтатын биші де болыпты. Б. Төлегенованың өнер жолын ұстануына ең алдымен ата-анасының әсері болған.
Б. Төлегенова 1943 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысқа тұрады, кейінірек ет-консерві заводына ауысып, онда 1948 жылға дейін әртүрлі жұмыстар атқарады.
Ол ән айтуды көркемөнерпаз үйірмесінен бастаған. Оның әншілік талантын танып, өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген орыс жазушысы Г. И. Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.
Ол 1948 жылы Алматыда өткен «Талапкер әншілердің байқауына» 18 жасында қатысып, сол жылы Ахмет Жұбановтың қамқаорлығымен Алматыда Құрманғазы атындағы консерваториясына оқуға қабылданады. Б. Ахметқызық консерваторияның студенті кезінен бастап, 1951-1954 жылдар аралығында Қазақ радиосында әншілік қызметті қоса атқарып отырған. Ол әрі жұмыс істеп, әрі әншілігін насихаттай жүріп, 1954 жылы консерваторияны Н. Самышинаның ән класы бойынша бітіреді. Консерваторияны бітірісімен қазақтың мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрына әнші болып орналасады.
Театрдың әншісі кезінде 1955 жылы Ленинград Бүкілодақтық жас әншілердің байқауына қатысып, лауреат атанады. Одан кейін 1956 жылы Қазақтың мемлкеттік Жамбыл атындағы филармониясына ауысады. Сол кезеңде 1957 жылы Москва қаласында өткен жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік байқауына қатысып, халық әндерін орындағаны үшін екінші рет лауреат атағын иеленді. Б. Төлегенова Құрманғазы атындағы оркестрмен Қазақстанның барлық облыстарында, жекелеген қалаларында, тіпті шағын елді мекендерінде де жеке концерт беріп, халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді. Осындай еңбегінің арқасында 1958 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі» деген атақ алады. Көп ұзамай 1959 жылы Мәскеуде өткен «Қазақ өнерінің онкүндігі» кезінде әншіні Мәскеу халқы өте жоғары бағалап, қошемет көрсетеді. Сол кезде Б. Төлегенова «Қазақ ССР халық әртісі» атанып, КСРО Жоғары кеңесінің қаулысымен «Еңбек қызыл Ту» орденін омырауына тағады. 1963-1965 жылдар арасындағы концерттері үшін Құрманғазы атындағы сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған. Ол – 1966 жылы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанса, 1967 жылы «КСРО Халық әртісі» құрметті атағына ие болады. 1968 жыл «Семей қаласының құрметті азаматы» деген атақ алады. 1970 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады.
1971 жылы Б. Төлегенова Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрына қызметке қайта шақырылады. Опералық әндерді аса шеберлікпен орындағаны үшін 1976 жылы Ленин орденін алады. Театрдағы әншілігімен қоса ұстаздықты ұштастырып, 1980 жылдан бастап, Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы таындағы консерваториясында болашақ әншілерді баулуда. 1983 жылы «Ән айту кафедрасының доценті» деген атақ алған. 1987 жылы «Ән айту кафедрасының профессоры» деген ғылыми атаққа ие болған. Сонымен бірге Б. Төлегеноваға 1991 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы Ленин орденімен қоса «Орақ пен балға» алтын жұлдызы берілген. 1998 жылы «Астана» медалімен наградталған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жеке белгісімен «Отан» орденімен және №3-ші «Астана қаласының құрметті азаматы» деген құрметті атағы берілген. 2000 жылы «Әл-Фараби алтын медалімен» наградталып, «Жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі» болып қабылданған. Б. Төлегенова 7-ші және 9-шы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болған.
Оның орындаушылық өнерінің қайнар бұлағы негізінен қазақтың халық әндері болды. Әншінің алуан тақырыпты репертаурында еліміз бен бірге жасап келе жатқан және қазақ халқының өзіндік ұлттық нақыш бояуын танытар «Ақбаян», «Бурылтай», «Қараторғай», «Сәулем-ай», «Екі жиен», «Гаухар тас», «Жиырма бес» т.б. әндермен қоса татар халқының «Бибісара», «Ай-бұлбұлым», «Сарман бойларында» сияқты көптеген халық әндері бар. Сонымен бірге Қазақстан композиторларының шығармалары Л. Хамидидің «Бұлбұлы», Е. Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», М. Төлеубаевтың «Еске алуы», Е. Рахмадиевтің «Тарантелласы», С. Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Н. Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма», сондай-ақ П. И. Чайковский мен С. В. Рахманиновтың романстары, Н. А. Римский-Корсыковтың операларынан ариялар және Батыс Еуропа композиторларының Доницетин, Григ, Шуберт шығармалары да бар. Б. Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді.
Б. Төлегенова кино саласына да елеулі үлес қосқан. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Біздің сүйікті дәрігер» (Наш милый доктор), «Дала қызы» (Дочь степей), «Бұл Шұғылада болған» (Это было в Шугле), «Тақиялы періште» (Ангел в тюбетейке), «Шуақты дауыс» (Солнечный голос), «Бибігүл ән шырқайды» (Поет Бибигуль), «Менің жастық шағымның қаласы» (Город моей юности) сияқты көркемсуретті фильмдерге түскен.
Қорыта айтқанда Б. Төлегенова табиғи талантының арқасында бүкіл әлемді әнімен таңдандырған, 19 елдің тілінде ән айтқан әнші. Әлемнің 30 елінде болған әншінің репертуарында 600 ән бар. Мұндай репертуарға бай әнші дүние жүзінде бұрын соңды болған емес. Сондықтан Б. Төлегенова өмірге бір-ақ рет келетін, ешқашан қайталанбайтын, теңдесі жоқ дара тұлға. Б. Төлегенованың әншілігі мен орындаушылық шеберлігінен жас әншілердің үйренер өнегесі ұлан-асыр мол деуге болады.
Б. Төлегенованың жеке қорының құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне өзінің өтініші бойынша 1999 жылы және 2003жылдары қабылданған. Ғылыми жүйеге келтірілген істің саны 182 дана, құжаттар 1948-2003 жылдар аралығын қамтиды.
Құжаттарының құрамы шығармашылығына қатысты мақалалары, сұхбаттары, өмірбаянына қатысты дипломдары, куәліктері, грамоталары сияқты құжаттар топтастырылған. Сонымен қатар Б. Төлегенова туралы құжаттар бөлімінде Б. Момышұлының лебізі, Б. Аманшин, М. Мақатаев, А. Жақыпов сияқты көрнекті ақындардың өлеңдері және Италия, Германия, Венгрия т.б. елдерде өткен концерттері туралы және мемлекеттік сыйлықтары жайлы қызықты мәліметтер бар. Сондай-ақ Б. Төлегенованың жеке түскен және киноларда сомдаған рөлдерінің фотолары бар.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері А.Х. Максымканова


Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group