Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
27-07-2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматқа парыз
АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік...
20-07-2020

Пайдалы бос уақыт
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің...
13-07-2020

13 шілде 2020 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту...
10-07-2020

10 шілде 2020 жыл
Архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева марапатталды
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Әуен әлемінің саңлағы
Әуен әлемінің саңлағы

Музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Нұролла Ғазизов жөнінде жұрттың бірі білсе, бірі біле бермес. Десе де, таланты мен талабы қоса ұштасқан өнер иесі өз заманында озық бола білген. Сан қырымен танылып, қызметте де биік лауазымдарды игерді. Соның ішінде, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы қызметін атқарғаны туралы мәліметтер бар.

Қaзaқстaн Республикaсы Ортaлық мемлекеттік архиві әдебиет, өнер, мәдениет, ғылым, сaясaт және aуыл шaруaшылығының бaрлық сaлaлaрындa ерекше еңбегімен тaнылғaн, мемлекеттік мaрaпaттaрғa ие болғaн дaрa тұлғaлaр мен қоғaм қaйрaткерлерінің жеке қорлaрын жинaқтaп, тұрaқты сaқтaумен ұзaқ жылдaрдaн бері aйнaлысып келеді.

Солардың ішінде композитор, Қазақстан Композиторлар одағының

мүшесі Нұролла Ғазизовтың да жеке құжаттарының біразы сақталған.

Нұролла Ғазизов 1940 жылдың наурыз айының 29 жұлдызында Гурьев облысы (қазіргі Атырау), Есбол ауданы, Зеленая поселкісінде дүниеге келген.

Соғыс басталып, әкесі майданға аттанады. Анасы 5 баламен қалып, кенжесі Нұролладан үлкен үміт күтетінін, бетінен қақпай тәрбиелейсің деп анасына аманатпен тапсырған.

Нұролла 1947-1957 жылдар аралығында Гурьев облысы Есбол ауданы Импульский районындағы «Зеленая» орта мектебін бітірген.1957 жылы Қарағанды қаласындағы музыка училищесінің қобыз бөлімшесіне оқуға түсіп, 1961 жылы аталмыш училищені бітіреді.Сол студент кездің өзінде халық аспаптар оркестріне арнап бірнеше пьеса да жазып үлгереді. Өзінің бойындағы қасиетті сезіп, оқуын әрі қарай жалғастырып, алдына композитор болам деген мақсат қояды. Сөйтіп 1961 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Өнер институтының (қазіргі Ұлттық консерватория) композиторлық факультетіне оқуға түседі. Ұстазы Василий Васильевич Валиканов Петербор қаласында білім алған, музыка әлемін жан тәнімен беріле зерттей алатын, дарынды композитор болған. Н. Ғазизов осындай еңбекқор кәсіби маманнан дәріс алу арқылы өзінің музыкаға деген қабілетін дамытып қана қоймай музыкалық білім деңгейін де көтеріп, өзінің шығармалары арқылы таныта бастаған.

Үшінші курста оқып жүргенінде әскер қатарына шақырылып, 1964-1967 жылдар аралығында әскери борышын өтеп келеді.

Әскери борышын өтеп келгенде атақты композитор, ұстазы Василий Васильевич Валиканов өмірден өткен. Одан кейінгі жетекші ұстазы атақты композитор Құддыс Қожамияров бекітілген. Сол кісінің ақыл кеңесінің арқасында Нұролла Ғазизов Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Өнер институтының композиторлық бөлімін 1969 жылы бітіреді.

1969-1976 жылдар аралығында Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясында музыка редакторы болып жұмыс атқарады.

1960 жылдары композиторлар Одағына лайықты, дарынды жас толқынмен толтырған қазіргі атақты композиторлар Базарбай Жұманиязов, Теміржан Базарбаев, Мыңжасар Маңғытаевтар мен бірге жүріп, өзінің дарынымен жақсылар қатарына қосылып, терең мағыналы, философиялық, үлкен оркестрге арналған шығармалар жазды.

1969 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтың жастар пленумында Кеңестер Одағының ең үздік 25 жас композиторларының қатарынан орын алды. Нұролла Ғазизовтың шығармаларының ішінде «Симфония», «Менің Отаным», Құрманғазы күйінің желісімен жазылған «Қызыл Қайың» (1962), қазақ халық аспаптар оркестіріне арнап жазған Ғани Мұратбаевтың ерлігін паш ететін «Жас Ұлан» увертюрасы (1975) бар. Автордың «Шекті аспаптарға арналған квартеті», «Фортепианолық триосы» (1980) «Абайдың өлеңдеріне жазылған романстар топтамасы», Қобдыкәрім Ыдырысовтың тың игеру тақырыбына жазған өлеңіне шығарған «Оянған Дала» (1963) вокалдық циклын, т.б. еңбектерін айтуға болады.

Әкесі қан майданда ерлікпен қаза болуы және анасы үмітін үзбей, отағасын күтумен өткеннін көрген Нұролла, сол бір жайтқа арнап Н. Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Сағындым сені, батырым» деген өлеңіне ән жазады. Бұл өлеңнің орындаушысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова болатын.

Н. Ғазизовтың шығармалары көбіне ауыл тақырыбына арналған. Атап айтсақ «На горном пастбище» (1962), «Танец березок» (1980), «Жылқышы қуанышы» сонымен қатар аяқталмаған шығармалары да бар.

42 жасында Нұролла Ғазизов 1982 жылы өмірден өтті.

Нұролла Ғазизовтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 2012 жылы жұбайы Рысқайша Ғазизова Баяхметқызының өтініші бойынша сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалды. Бұл тізімдемеге 1940-2010 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. Ғылыми жүйеге келтірілген (55) іс, соның ішінде 18-і фотоқұжаттардың өлшем бірлігі бар.

Тізімдемедегі істер құжаттардың мазмұн-мағынасына қарай топтастырылған.

Құжаттарының құрамы нота дәптерлері, хаттар, фотосуреттері, өмірбаянына қатысты туу туралы куәлігі, әскери билеті, мақтау грамоталары бар. Сонымен қатар Н. Ғазизов туралы жазылған мақалалар, танымал тұлғалардан қолтаңбамен сыйға берген т.б. құжаттары бар.

Архивтермен және жеке тектік тирихи-құжатық коллекциялармен жұмыс істеу бөлімінің архивисі Айханым Мақсымханова


Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген....

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group