Республиканское государственное учреждение «Центральный государственный архив» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Путеводитель

Казахстаника

Интернет приёмная

Контакты
Рус
|
Каз
facebook instagram
ГлавнаяИстория архиваНовостиУслугиЗаконодательствоПубликации
Новости
Показать все
25-09-2019

Поездка в Узбекистан
23 сентября с.г. в Комитете по межнациональным отношениям и дружественным связям...
20-09-2019

Выявление документов
В рамках программы Главы государства «Архив-2025» специалисты архивного дела и...
20-09-2019

Меморандум
Заместитель директора Центрального государственного архива МКС РК Марзия Жылысбаева встретилась...
19-09-2019

Тағылымы мол ғұмыр
Сегодня в Казахском национальном педагогическом университете имени Абая состоялся познавательный...
Встречи и конференции
17 мая 2013 года
17 мая 2013 года была проведена конференция посвященная 30-летию создания Центрального государственного архива г. Алматы и презентация нового здания городского архива.


05 апреля 2013 года
3 апреля 2013 г. – в Казахском Национальном университете им. Аль-Фараби, в факультете Востоковедения совместно с Египетским культурным центром Посольства Арабской Республики Египет состоялась Международная научно-теоретическая конференция по теме «Взаимоотношения Казахстана с Арабским миром в области языкознания, истории и культуры».


04 апреля 2013 года
4 апреля 2013 года в конференц-зале Центрального государственного архива Республики Казахстан, прошел круглый стол, посвященный 100-летию известного основоположника профессиональной казахской музыки композитора, общественного деятеля, Народного артиста СССР, Лауреата Государственной премии СССР, одного из авторов государственного гимна Казахской ССР Мукана Тулебаева, была организована выставка и презентация книги-альбома «Қазақ музыкасының бәйтерегі».


18 октября 2012 года
18 октября 2012 года Центральный государственный архив Республики Казахстан совместно с еврейской народной ассоциацей «МИЦВА» провел международную конференцию «История евреев в Казахстане»


Публикации
Ардақты Сабит бауырыма
Ажар Баратқызы -
Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік мұрағатының бөлім бастығы
2006 жылы 6-шы наурызда Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатына С. Мұқановтың музей-үйінен Ш. Құдайбердіұлының 1931 жылы С. Мұқановқа жазған хаты туралы өтініш келіп түскен еді. Мұрағаттағы С. Мұқановтың 1959 жылы өзі мұрағатқа сый ретінде тапсырған жеке қорынан қарындашпен ұсақ жазылған, өшуге айналған, бір бет сарғайған хатты тауып алдым. (ҚРОММ, 1634 қор, 1 тізімдеме, 253 іс, 66-шы бет). Көшірмесін жіберуге рұқсат алу үшін басшыларға алып барып едім, олар таңқалды.
-Қайдан таптың? Бізге бұл хатты іздеп мекемелер де, жеке ғалым, зерттеушілер де жиырма жылдан бері сұрау салумен келеді. Міне, қызық, - деп жерден жеті қоян тапқандай біріне-бірі көрсетті. С. Мұқановтың мұражайына көшірмесі жіберілген хатты, араб әрпіндегі түпнұсқаның көшірмесін және қазіргі қазақ әрпіне аударылған данасын Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ әдебиеті» газетіне жолдап отырмын.
АРДАҚТЫ САБИТ БАУЫРЫМ!
XII/II де жазған хатыңды жаңада ғана алдым. Бүгін Аягөзге жүрмек адамнан осы хатты асығыс жаздым. Қолымда барынан біраз ғана жазбамды жібердім. Олар: Бәйшешек бақшасы. Нартайлақ әңгімесі, Қазақтың түп атасы, 25 жасымда жазған бозбала мен кәрілік, 32 жасымда жазған баламен айтысып жеңгенім. Қолда қаражаттың (ақша) жоқтығынан бұларды өзіңіз пошта қаражатын төлеп алар деп доплатной қылдым. Бұрын басылған қазақ айнасы, Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр деген өлеңдерімді әр бірінен өз қаражатыммен 1000 (екземплар) дана бастырып елге таратып едім. Қазақ, қырғыз, қалмақ, түрік шежіресін де бір мың бастырып таратып едім. Соларды балаларға іздетіп, шежіренің бір жыртылып қалғаны табылып, бұрынғы басылғанында қате бар Һәм қосылмаған сөздер бар болғандықтан қөшіріп жатырмын түзетіп. Еділ, Мәрия деген романымның көшірмесі Алматыдағы осынан барып қызметке тұрған Бағдәулет Құдайбердіұлында бар шығар. Оның тұрағы Алматыда Лепсинский көшеде № 63, сол балада. Американың Печрстау деген әйелі жазған құлдар тұрмысы жайынан Том ағай балағаны деген қазақшаға аударғаным бар шығар. Бірақ оларды бастырамын деп рұқсат алып еді. Бұл екеуін бір баламыз өлеңдетіп еді. Табылса менің сөзше жазғанымды бастырғаныңыз мақұл. Өлеңдерін өзіңіз білесіз. Қолымда Шынбақ әңгімесі деген пьеса, аударуға лайықты бір романым болса да басқа кісі оқи алмастық шорнавой болғандықтан көшірмей жіберуге болмайды. Және Пушкиннің Дубровский деген романын өлеңге аударып, әне бір жылы Семейде бастырып еді. Ол үйде бар еді. Мына адамнан жіберуге болмады. Бұлардан басқа да аудармаларым, өлең, сөздерім бар. Бірінші уақыт тез болып,2-інші 45 жасымнан бергі өлең, сөздерім философия жағынан салынып. Об отвлеченного вопроса объективная рассуждение болғандықтан өкімет басуға рұқсат қылмас. Және бұл кезде халыққа тарату да лайықсыз ба деп жібермей қалдым. Себебі: жан сыры, жаралыс сыры, дүниедегі тамам шатақ діндер туралы жазылған. Қырықтан аса бергенімде, жан не? Дін не? Барша әлем қалай жаралған? Адамға жаратушы жағынан не өзінің ар-ынсабы жағынан салынған міндет бар ма? Болса ол не? Адамда толық ерік бар ма? Жан өлген соң жоғалатын зат па? Адам бұл дүниеде не қылған жөн? - деген сияқты ылғи дене сезімімен сезілмей, еш жаққан әдетіне, дініне, нанған құмарына бұрылмай ойлайтын тоқтамын таза ақылмен ғана білетін істер туралы дін ғылымы, білім ғылымы, ойшыл философтардың бұл туралы жазған кітап, айтқан сөздерін өзімше сынға алып, дұрысын алып, терісін тастап шығарған қорытындыларым еді. Мен: Пәлен пайғамбар, түген философ, профессор айтты дегенге тоқтап қала алмадым. Өз ақылым қабыл алмағанды кім айтса да теріс көрем. Бірақ ақыл қабыл алар дәлел айтса, ол кім болса да бас ұрам. Мақтанып кеттім - мақтан емес, іздегенім тамам адам пайдасы болғандықтан ақылым айтқан ақиқатты айтпай тұра алмадым. Еріксізбін.
Міне, осыны айтып отырғаным да адамшылық арым: барша адам баласына пайдалы деп 30 жыл инемен құдып қазып тапқан ақиқатты неге жіберіп, алдымен осыны басуын неге тіленбейін? - деп еркімді билеп: жан сыры, жаралыс сыры деген қысқаша қорытындымды тағы жібердім.
Әттең дүние-ай, осыны құры қазақша ғана басып қоймай, орысшаға жақсы перевотпен сымысылын перевоттап ғылымды азаматтың бірі еңбек етіп перевотын өзіме көрсетер ме еді? Қазақшасы тез басылып шығар ма еді?
Тірі күнімде не қарсы айтылған дәлелді сындарын, не білімді ойшылдардың қабыл алғанын біліп өлсем армансыз болар едім. Бұл жан сыры, жаралыс сыры басылмайтын болса, тез қайтарғаныңызды өтінем. Ләжі болса, қолжазбаларымның бәрін қайтарып отырарсың.
Тағы бір тілегім: Менің қай жазбам басылса да, басылысымен баспа қаражатымен маған әрқайсысынан 50 данасын жіберсеңіз екен? Балаларыма, достарыма мирас деп беру үшін. Қайсысы басылса да Мұтылған деген атыммен басылғаны жөн болар еді.
Бір сөзім: Менің кейбір өлеңдерім қазақтың бұрынғы өлең-жырларының әнімен айтылмайды, әрқайсысының өзім шығарған әні (мәтіні) бар. Әнді хатпен ұғындыруға болмайды. Өзім барып ұғындыруға, жергілікті өкімет басындағы кейбіреулердің қараңғылығынан қолда қаражат, баста бостандық қалмай отыр.
Хош! Бақытты болыңыз!
Мұтылған.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
1931 жыл.
Ескерту:
Араб әрпіндегі хатта қалай жазылса, орыс әрпіне қаз қалпында аударып көшірдік. Шығармаларының аттары қазіргідей тырнақшаға алынбапты. Бізде солай еттік. Кейбір орысша сөздерді де автор қалай жазса, солай қалдырдық. Мұтылған деген бүркеншік аты Ұмытылған деген сөз болу керек. Сол өзі екі рет қайталаған қалыпта қалдырдық. Кейбір сөздерінің астын сызған, жақшаға алған автордың өзі.
Қарындашпен ұсақ, тығыз жазылып, 77 жыл мұрағатта белгісіз сақталып, көміскеленіп, өшуге айналған. Шәкәрімнің көзіндей болған, баға жетпес, бірден-бір құнды дүниеге мұқият үңіле отырып, шып-шырғасын шығармай осы күнгі қазақ әрпіне аударып түсірген:
Ақын Оразақын Асқар
Мақала «Қазақ әдебиеті»
газетінің 2008 жылдың 12 қыркүйегінде жарияланған.


Показать все

Навигация
Выставка онлайн
Государственные символы
Голубой флаг с золотистым национальным орнаментом слева, золотистым солнцем и парящим силуэтом орла в центре - символ свободы, независимости и суверенитета Республики Казахстан. Флаг был утверждён 4 июня 1992 года, заменив собой флаг Казахской ССР...

Показать все
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group