Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
27-07-2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматқа парыз
АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік...
20-07-2020

Пайдалы бос уақыт
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің...
13-07-2020

13 шілде 2020 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту...
10-07-2020

10 шілде 2020 жыл
Архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева марапатталды
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
ЖОЛДАУҒА - ҚОЛДАУ
Жолдауға – қолдау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында ел тағдырына қатысты елеулі мәселелерді арқау етті. Қазақ елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік ахуалын жан-жақты қаузап, ауқымды бес тарауға жинақтай отырып, жік-жігімен тарқата келе, келелі жоспар, кемелді мақсат құрғаны анық аңғарылады.

Өз кезегінде Президент Жолдауын ортаға салып, ой толғаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архив ұжымы бірауыздан құптап, ықыласпен қабыл алды. Әрі архив ұжымына әрбір тарауда қамтылған өзекті мәселелер ерекше серпін берді.

Заман талабына сай тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика қалыптастыру, әлеуметтік жаңғыру, қуатты ел қалыптастыру мәселелері түпкілікті талданып, болашақ бағыты айқындалған.

Күллі жұртшылықтың Қасым-Жомарт Кемелұлынан күткен сайлауалды бағдарламасының қағидалары осы Жолдауында жалғасын тапқандығы байқалады.

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған сарабдал жолды жалғастырып, Қасым-Жомарт Кемелұлының да қазақ елінің мәртебесін арттырып, әлем сахнасындағы беделін көтереріне сеніміміз мол. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл – жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа, сапалы кезеңіне шығарудың мүмкіндігі ашылып отыр» деп сөз бастай келе, әрі қарай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын айшықтап көрсетті. Президент Жолдауының әрбір тарауында халықтың әлеуметтік ахуалы айрықша назарға алынып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттеген.

Президент Тәуелсіздік алғалы бері халық жағдайының оңалғанын сөзге тиек ете келе, еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналғанын атап өтті. Ел экономикасының қарқынды дамуына жан-жақты мүмкіндіктер жасалмақ. Экономиканы әртараптандыру бағытында «Білім экономикасын» қалыптасытырып, еңбек өнімділігін арттырып, инновацияны дамытып, жасанды интеллекті жаһандық дамуға жол салатынын жеткізді.

Жолдаудың әрбір тармағында көрсетілген міндеттерді толықтай қолдаған ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архив ұжымы әсіресе «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» тарауында «Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру» бөліміне айрықша ден қойып, ризалықпен қабыл алды.

Бүгінде айлық мөлшерінің тапшылығына байланысты әлі баспанаға қол жеткізе алмаған жас мамандар Президенттің Жолдауында көтерілген мәселелерге тәнті болды.

Тағы бір айрықша атап өтерлігі, Президент ел мәдениеті мәселесін де ескерусіз қалдырған жоқ. Әсілінде қазақ: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп тегін айтпаған. Шындығында, қайсыбір ел болмасын дүниеге әуелі мәдениеті арқылы танылады. Бұл сөздің айғағы ретінде Тұңғыш Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Біз әлемдегі өркениетті елдерге мәдениетімізбен, ұлттық рухани құндылықтарымыз арқылы танылуымыз қажет» деп айтқан болатын. Қазақ мәдениетінің әлем аренасынан ойып орын алуына бүгінде барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Және Қасым-Жомарт Кемелұлы осы Жолдауында да мәдениет саласын назарынан тыс қалдырмады.

Әлемге әйгілі ұлы тұлғаларымыз, соның ішінде Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойларын биік деңгейде атап өтуге күш жұмылдыратынын басып айтты. Әрі этнотуризм мен экотуризмді дамытып, шетелдік туристерді тарту мақсатында Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтудің маңызына тоқталды. Осындай игі бастамалар арқылы қазақ тарихы мен мәдениеті, ғажап-көркем табиғаты әлем жұртшылығының назарына ілінері анық.

Сондай-ақ, Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі» тарауындағы «Мәдениет қызметкерлерін қолдау» бөлімінде: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс» деп тұжырымдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл жаңалық Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты архив қызметкерлеріне ерекше жігер бергендей болды. Өйткені, қазақ елінің әлем алдындағы мәртебесін көтеріп, абыройын асыратын бірден бір сала – Мәдениет саласы екені анық.

Мәдениет саласының бір пұшпағын илеп, халық қазынасының құнды жәдігерлерін қойнауына алып, қалт жібермей қырағы сақтап отырған архив ұжымына да Жолдау үлкен серпін берді.

Мемлекет қолдауы мен жан-жақты қамқорлығын сезінген жұрт ел дамуына өзіндік үлесін қосып, Тәуелсіз елдің өркендеуі жолында жұмыла іс қылары анық.

Өйткені, қазақ елінің бағыты айқын, мақсаты анық.

Әрі Жолдау алды сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен, халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын!» деп бек сеніммен сөз берді.

Ендеше, біз де, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын толықтай қолдап, үлкен сенім артып, зор алғыс айтамыз!

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Орталық мемлекеттік архив директоры Арнұр Қарымсақов


Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group