Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
27-07-2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматқа парыз
АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік...
20-07-2020

Пайдалы бос уақыт
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің...
13-07-2020

13 шілде 2020 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту...
10-07-2020

10 шілде 2020 жыл
Архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева марапатталды
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
А.Байтұрсыновқа қатысты құжаттар жайында

А.Байтұрсыновқа қатысты құжаттар жайында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ-нің (ҚР ОМА) бір жарым миллиондай құжаттар сақталған. Әрбір құжат – өткенімізді саралайтын, тарихымызды түгендейтін екінші нұсқасы жоқ ақпараттар болып табылады.
Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві шетел архивтерімен де жұмыстар жасап, Қазақ халқының тарихына қатысты деректерді жинақтау жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – еліміздің тарихын кеңейту, ғалымдар мен зерттеушілерді тарихи тың құжаттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанның әр кезеңіндегі ағарту саласын зерделеу жүмысы көп уақытты талап етеді. Архивтің кітапханалардан зерттеу жұмысын жүргізуде өзгешеліктері көп. Архив қорларында сақталған құжаттардың құрамы мен мазмұны әртүрлі, әсіресе жеке тұлғаларға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуде көптеген қорлардың құжаттарын қарауды қажет етеді.
Саяси қырғын- сүргіннің құрбаны болған мемлекет және қоғам қайраткері А. Байтұрсыновқа қатысты деректерді анықтауда ҚР ОМА-де сақтаулы қорлар құжаттарының алар орны ерекше болды. Кеңес өкіметі кезеңінде жойылып кеткен мәліметтер, шығармашылық құжаттары жөнінде деректер жоқтың қасы десек те болады.
А.Байтұрсыновтың Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивке қатысы бар екен, 1921 жылы құрылған архивте кеңес өкіметіне дейінгі архивтер сақталған араб шрифтімен жазылған құжаттар болған. Ол құжаттарды бай-кулактардың құжаттары ретінде жойған. Ал қалған құжаттарды аудармалау мәселесіне қазақтың белгілі тіл маманы А. Байтұрсыновты аударма жұмысына тарту туралы жазылған ақпарат сақталған, ал аталған жұмыс қалай жүргізілгендігі жайлы ешбір мәлімет сақталмаған.
Кеңес өкіметіне дейінгі кезеңнің құжаттарында Алашордалықтардың саяси көзқарастарының қалыптасуына қатысты деректер де аз емес, тек зерделеп сараптау арқылы ғана негізгі көздеген мақсаттарын білуге болады.
Алашордалықтардың ерекшелігі қарапайым халықпен, сол қоғамдағы жеке тұлғалармен жұмыс жасай білгендігінде деп ойлаймын. Отарлық жүйеге негізделген басқару жүйесімен санаса отырып, қазақ халқының мүддесін қорғау негізгі мақсаттарының бірі болып тұрған шақтарында саяси, экономика, жер, ағарту салаларында қазақ елі үшін өз ойларын ашық айта алған зиялылар еді. Кеңес өкіметінен кейін де өздерінің өшпес мұраларын қалдырды, соның бірі - Ахмет Байтұрсынов. Ол - мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әліпбиін құрушы, әдебиетші, ағартушы, ұстаз, аудармашы.
Сөзімнің соңында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивте сақталған А.Байтұрсыновқа қатысты құжаттардан мәліметтер ұсынамын:


Қазақ Орталық Атқару Комитетінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың уақытша билеті. 1920 ж.




Ахмет Байтұрсыновтың сауалнамасы. Қолтаңба. 1921 ж.




Ахмет Байтұрсыновқа Қазақ КСР Халық Ағарту комиссариаты атынан Қазан қаласына араб шрифтары басылған машинкалар таңдау үшін іссапарға баруға берілген куәлік. 1926 ж.




Қазақ КСР Халық Ағарту Комииариаты жанынан құрылған Ғылыми және ғылыми-методикалық кеңестің мүшелері тізімі қатарынан ғылыми қызметкер ретінде Ахмет Байтұрсыновтың аты-жөні тіркелген.


Жылысбаева Марзия Ғаниқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ-і директорының орынбасары



Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген....

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group