Республиканское государственное учреждение «Центральный государственный архив» Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Путеводитель

Казахстаника

Интернет приёмная

Контакты
Рус
|
Каз
facebook instagram
ГлавнаяИстория архиваНовостиУслугиЗаконодательствоПубликации
Новости
Показать все
03-12-2019

Центральный государственный архив приобрел новый статус
Центральный государственный архив Министерства культуры и спорта Республики Казахстан приобрел...
03-12-2019

Желаем успеха!
С приятной новостью пополняется Центральный государственный архив Министерства культуры и...
29-11-2019

В День Первого Президента во дворе архивов посадили ель
День Первого Президента отмечается на государственном уровне с 2012...
29-11-2019

Экскурсия в историко-культурный центр "Атамекен"
Коллектив Центрального государственного архива Министерства культуры и спорта Республики Казахстан...
Встречи и конференции
17 мая 2013 года
17 мая 2013 года была проведена конференция посвященная 30-летию создания Центрального государственного архива г. Алматы и презентация нового здания городского архива.


05 апреля 2013 года
3 апреля 2013 г. – в Казахском Национальном университете им. Аль-Фараби, в факультете Востоковедения совместно с Египетским культурным центром Посольства Арабской Республики Египет состоялась Международная научно-теоретическая конференция по теме «Взаимоотношения Казахстана с Арабским миром в области языкознания, истории и культуры».


04 апреля 2013 года
4 апреля 2013 года в конференц-зале Центрального государственного архива Республики Казахстан, прошел круглый стол, посвященный 100-летию известного основоположника профессиональной казахской музыки композитора, общественного деятеля, Народного артиста СССР, Лауреата Государственной премии СССР, одного из авторов государственного гимна Казахской ССР Мукана Тулебаева, была организована выставка и презентация книги-альбома «Қазақ музыкасының бәйтерегі».


18 октября 2012 года
18 октября 2012 года Центральный государственный архив Республики Казахстан совместно с еврейской народной ассоциацей «МИЦВА» провел международную конференцию «История евреев в Казахстане»


Публикации
Нәзік сезім
Алғаш өлеңдері Түркістан қалалық «Коммунистік еңбек» газетінде жарияланған 12 жасар жас ақын кейіннен қазақ халқына танымал ақындарымыздың біріне айналады.
Белгілі ақын Г. Шәмшиева 1958 жылдың қыркүйек айының 19-күні Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Түркістан қаласындағы Әл-Фараби атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, «Шұғыла» өлкелік комсомол-жастар бригадасына жетекші болып жұмыс жасаған. Ол 1982 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, арнайы жолдамамен Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық Телерадио комитетінде тележурналист және диктор болады. 1984 жылы Гурьев қаласындағы облыстық ән байқауына қатысып, 100 үміткерлер арасында «Жер ана» атты әні арқылы екінші орын иеленеді. 1990 жылы Алматыға ақын Фариза Оңғарсынованың шақыруымен келген екен. Алдымен «Ақ желкен», сосын «Парасат», «Арай» жұрналдарының редакцияларында және «Қазақ радиосында» мамандығына сай жемісті қызметтер атқарған. 1994 жылы Г. Шәмшиева «Қаракөз дәурен» атты өлеңдер жинағы үшін «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері» атағымен марапатталады, сол жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағына қабылданады. Оның 200 жуық әндері бар, олардың біразы қазақша караокеге беріліп, 7 әннің альбомы жарыққа шыққан. Мәселен, «Гүлнар Шәмшиеваның әндері өз орындауында» атты авторлық аудиоальбомы, «Ботам», «Ақ Жайық», «Мен түсімде жаз көрем», «Нәзік сезім» т.б. ән альбомдары, сонымен қоса «Түркістаным», «Сиқырлы саз», «Бір және барым», «Көтерші жерден», «Қиямет күні» атты әндеріне видеоклиптер түсірген, сонымен қатар жарыққа шықпаған әндері де кездеседі.
Гүлнәр Шәмшиеваның «Аяулы Түркістаным», «Қыз монологы», «Көк көйлекті көктемім», «Анашым», «Жетім бұрыш» атты әндерін Нұрғали Нүсіпжанов, Гүлмира Ақүрпекова, Ақбота Керімбекова, Жанар Айжанова секілді халыққа танымал әншілер орындаған, ал оның сырлы әуендерін Мақпал Жүнісова, Ұлжан Айнақұлова, Рамазан Стамғазиев т.б. әншілердің орындауында радиотолқындар арқылы, теледидар жүзінде тыңдаушыларын тапқан. «Қазақ радиосында» елуге жуық әндері жұлдыздардың орындауында фонетикада сақталған. Сазгердің әндері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қоса Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан елдеріне де кеңінен танымал. Ол алдымен туған жері Түркістан қаласында (1983, 1991, 1997) кейіннен Жаңақорған, Қызылорда, Атырау қалаларында, 1993 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Ғалымдар үйінің үлкен залында аншлагпен «Әнім мен жырым егіз» деген тақырыпта, Қазақстан Жазушылар одағының конференц-залында (1995, 2004), Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қыз монологы» (1998) деген атпен және 2002 жылы «Бір және Барым» атты ән-жыр шығармашылық кештерін өткізген.
Гүлнәр Шәмшиеваның «Арайлы таң», «Тариқат жолы», «Қызғалдақ жауған әлем» атты поэзия, «Рахман нұры» атты проза кітаптары жарық көрді және «Қыз монологы» атты шағын ән кітабы әнсүйер қауымға ұсынылған болатын.
Ақын, сазгер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Гүлнәр Шәмшиеваның жеке қорының құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 2001-2006 жылдар аралығында мемлекеттік сақтауға сый ретінде тапсырды. Осы құжаттар 1975-2006 жылдар аралығын қамтиды, ғылыми жүйеге 1-366 с.б. (іс) келтірілді. Архивте сақталған Г. Шәмшиеваның шығармашылық құжаттары түрлі жанрдан тұрады. Атап айтсақ: «Бәрі өткінші» атты әңгімесі, «Жетім бұрыш», «Адамзат ақылынан адаспайды» атты поэмалары, «Менің анам» атты лирикалық дастаны, «Жан досым Гүлмира Ақүрпековаға» арнауы, «Ерке жастығым» әні, «Күлім қалғанша өлең жазамын», «Жастық ай, оралмассың» атты т.б. толғаулары, Г. Шәмшиеваның афоризмдері, «Арайлы таң» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы, «Тариқат жолы» атты діни-софылық өлеңдер, «Қаракөз дәурен» атты т.б. өлеңдер жинағы, «Ұстаз», «Зәуре салған ән», «Хабиб...» атты мақалалары, анасына арнаған «Өзіңді сағынып жүрмін, асыл анам...» естелігі, «Рахман нұры» атты эссе мен «Мәңгілік өлмейтін рух», «Алтын ғасыр алдындағы толғаныс» атты мифологиялық эсселері т.б құжаттарын кездестіруге болады.
Г. Шәмшиеваның қорында ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан сыр шертетін Р. Әлқожа, Л. Бектембекова т.б. берген сұхбаттары, Е. Әлі, Г. Әбілдаева және Ә. Балтаның «Қызғалдақтар өнерін» тамашалаңыздар», «Жерлес ақын-сазгермен жүздесу», «Қара домбыралы ақын қыз», «Ана туралы ән» атты мақалалары және де халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың, белгілі әншілер Мәдина Ералиева, Нұрғали Нүсіпжанов пен Ақбота Керімбекованың пікірлері бар. Сонымен бірге Г. Шәмшиеваның жеке түскен, отбасымен, ақын Ф. Оңғарсыновамен, жазушы Ә. Таразимен, күйші-композитор С. Тұрысбековпен және әншілер Ж. Айжанова, М. Жүнісовалармен т.б. өнер қайраткелерімен бірге түскен фотоқұжаттары сақталуда.



Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«Орталық мемлекеттік архив» РММ
жеке тектік архивтермен және
тарихи-құжаттық топтамалармен
жұмыс жасау бөлімінің архивисі Гүлназ Рахмет



Показать все

Навигация
Выставка онлайн
Государственные символы
С 7 января 2006 года гимном Республики Казахстан стала популярная песня написаная ещё в 1956 году «Мой Казахстан» («Менiң Қазақстаным») с внесёными изменениями, приводящими песню в соответствие со статусомгосударственного гимна..

Показать все
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group