Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
18-03-2020

Қайырымдылық игі істің бастауы
Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-ға...
13-03-2020

Таза аула – жанға рахат сыйлайды
Таза аула – жанға рахат сыйлайды. Осы сөзді ұстаным еткен...
12-03-2020

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді
Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары еліміздегі түрлі жобалар мен...
06-03-2020

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты Мәрзия Ғаниқызына табысталды
АЛМАТЫ. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз - Халықаралық...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мұрағат қорын толықтырған құжаттар жайында...
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор қаласында 1921 жылы 1 қыркүйекте бастаған. ҚР ОММ - еліміздегі ең алғаш Қазақстанның даму тарихы құжаттарын жүйелеп, бір қалыпқа келтіріп жинақтаған мұрағат. Мұрағат XVIII-ші ғасырдың орта кезеңінен бастау алған революцияға дейінгі құжаттардан бастап осы кезеңге дейінгі құжаттарды сақтауда. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан тарихының үш кезеңінің: кеңестік дәуірге дейінгі, кеңестік дәуір мен еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттарды сақтап отырған бірден бір мұрағат.
Қазіргі таңда мұрағат 1 миллион 300 шамасындай құжаттар сақтап отыр.
Қазақстанның тәуелсіздік алған даму сатысында мәдениет саласында да өзгерістер болды. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тарапынан, Үкімет тарапынан да мұрағат ісіне қолдау көрсетіліп отырды.
2001-2005 жылдары «Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамыту бағдарламасы» аясында мұрағат қызметкерлері мұрағат қорын шет елдердің мұрағаттырында сақтаулы құжаттармен толықтыру саласында көп еңбек сіңірді. Мұрағат қызметкерлері көршілес елдерде, оның ішінде Ресей мемлекетінің бірнеше мұрағаттарында Қазақстан тарихына байланысты құжаттарды іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Кейін бұл бастама «Мәдени мұра» бағдарламасымен ұштастырылып, мұрағат ісінде көптеген жұмыс атқарылды. «Мәдени мұра» бағдарламасының ұйымдастырушысы ретінде Тасмағамбетовтың еңбегі зор болды.
Осы бастамалардың арқасында мұрағат қоры Қазақстан тарихына байланысты құжаттар көшірмелерімен толықтырыла бастады.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мұрағат қорының құрамын арттыру, Қазақстанның тарихына байланысты құжаттарды топтастыру, зерттеушілерге жеңілдік келтіру мақсатында бірнеше мұрағат мамандары шекаралас жатқан Ресей, Қытай т. б. шетелдің мәдени орындарында жұмыс жасап, мемлекет және мұрағат басшыларының қажырлы еңбектері арқасында біраз құжаттар көшірмелері алына бастады.
Шамалап айтқанда, тек Ресей мұрағаттарынан 1000-дай мұрағат құжаттары алынды.
Мұрағат саласындағы мұндай жетістіктер зерттеушілердің ғылыми зерттеу жұмыстарына зор үлес қосып отырғанын зерттеушілердің өздерінен де жиі естиміз. Себебі зерттеушілер өздерінің бекітілген кандидаттық, докторлық тақырыптарына қажетті мәліметтерді Ресейдің т.б. мемлекеттердің бірнеше мұрағаттарына барып жұмыс жасап, көшірмелер алуы тиіс болатын, бірақ барлығының бұл жағдайды «қалтасы көтере» бермейді. Сондықтан бұл мемлекеттік бастаманың тарихта алар орны зор.
Осы тұста мұрағаттың оқу залында ғылыми жұмыс жасап жүрген зерттеушілерге тоқталсақ: Оқу залында жыл сайын 3000-дай зерттеушілер жұмыс жасайды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері шетелден келген зерттеушілердің саны артуда. Ал шетел зерттеушілерінің жылдық көрсеткішіне тоқталсақ, 90 жылдары 2-3 шетел азаматтары, 2003 жылдан бері жылда 15-20-дай шетел азаматтары зерттеу жұмысын жасауда.
Атап айтсақ, олар - Америка Құрама Штаты, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Польша, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан т.б. елдердің азаматтары.
Зерттеушілердің айналысып жүрген тақырыптары негізінен 1917 жылғы революцияға дейінгі, сонымен қатар революциядан кейінгі, кеңес үкіметі мен қазіргі тәуелсіздік аралықтарындағы Қазақстанның тарихын қамтиды. Зерттеушілерді Қазақстанның әр кезеңдегі тарихи дамуы, этнографиясы, экономикалық жағдайы, мәдени салалары қызықтырады
Мұрағат қызметкерлері шетел мұрағаттарынан келіп түскен құжаттарды бір жүйеге келтіріп, жеке тізбелер құрастырып, жеке тізбелерді құрайтын «Қазақстан тарихына байланысты құжаттар көшірмелерінің коллекциясы» атты жеке қор құрды. Мұрағат қорына келіп түскен микрофильм түріндегі әр құжаттар алдымен қажетті техникалық құралмен оқылып, мазмұны мен хранологиялық шеңберіне сай реттеліп, тізбе құрастырылады. Құрылған тізімдеме мұрағаттың сараптама-тексеру комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітіледі.
Мұрағат аса құнды және бірегей құжаттардың түпнұсқаларын ұрпақтан ұрпаққа сақтап жеткізу үшін және Қазақстан тарихына байланысты шет жақтан алынған құжаттар көшірмелері микрофильм түрінде жасалатындықтан, оны зерттеушілердің күнделікті оқып, пайдалануы үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Жинақталған көшірме құжаттарында Қазақ тарихының «Ақтаңдақ тұстарын» дәлелдейтін деректер де баршылық, әсіресе қазақ тарихын бейнелейтін XVI-XVII ғаырдағы құжаттар, Уақытша өкіметі тұсындағы саяси жағдай, Алаш Орда партиясының мүшелері туралы және т.б. құжаттарды атауға болады.
Мұрағат қорына шетелдердің мұрағаттарынан келіп түскен құжаттарға тоқталсақ:
Ресей мемлекеттік әскери-тарих мұрағатынан 1753-1917 жылдар аралығын қамтыған Қазақ жерінде әлеуметтік-аумақтық басқару жүйесін қалыптастыру, қазақ халқымен шекаралас жатқан ұлттармен байланыс, сауда мәселесі, қазақ халқының мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру, қазба байлықтарын игеру үшін қазақ даласында барлау жұмыстарын жүргізу саясаты т. б. туралы құнды құжаттар келіп түсті.
Ресей мемлекеттік ерте актілер мұрағатының 1585-1876 жылдар аралығын қамтыған «Сенат және оның мекемелері», «Сібірді басқару және Сібір приказдығы», «Қырғыз-қайсақ істері», «Монғол істері» атты қорларынан қазақ-қалмақ, Қытаймен сауда қатынасы, Ресей бодандығына өту үшін жіберілген қазақ елшілері туралы аса құнды деректер алынды.
Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағатынан алынған 19 ғасырдың 1-ші жартысынан 1917 жылға дейінгі «1872 жылдан Министрлер кеңесінің председателі, шетел істер министрлігінің Азия департаментінің директоры, граф Игнатьевтің» қорында Хиуа мен Бұхар мәселесі, Түркістан өлкесін басқарудағы өзгерістер туралы мәліметтер болса, ал 1917-1924 жылдар аралығын қамтыған осы мұрағаттың құжаттарында Уақытша өкімет, «Алаш Орда» партиясына байланысты, сайлау мәселелері туралы, өнеркәсіптегі жағдайлар туралы, Түркістан республикасының саяси, экономикасына байланысты құжаттарды «Ұлттық халық комиссариаты жанындағы Қазақ Автономиялы кеңестік социалистік республикасының өкілдігі» қорынан да табуға болады.
Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатынан келіп түскен 1917-1936 жылдар аралығын қамтыған құжаттарда коммунистік партия мүшелерін облыстар мен губернияларға бөлу, коммунистерді есепке алу т.б. туралы айтылған.
Ресей мемлекеттік әскери мұрағатының 1917-1920, 1917-1926, 1917-1920, 1918-1926 жылдар аралығын қамтыған құжаттарынан Қазақ жерінде Кеңес өкіметін орнату, ақтардың іс-әрекеттері, азамат соғысына байланысты т.б. көшірмелер алынған.
Туркияда шыққан Мұстафа Шоқайдың да ықпалы бар «Яш Туркестан» журналының 1929-1936 жылдардағы нөмірлер коллекциясы және «Йени Туркестан» журналының 1927-1931 жылдар аралығын қамтыған құжаттары мұрағат қорын толықтыра түсті.
Ал 2001 жылы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өту күндері «Жаңа Сорбона-Париж» университеті жанындағы шығыс тілдері университет аралық кітапханасында сақтаулы қазақтың бірегей азаматы Мұстафа Шоқайдың құжаттар мұрасының көшірмесін мұрағат қорына табыс етуі мұрағат тарихындағы үлкен оқиға және жетістік болды.
Мәдени мұра аясында құжаттарды сақтап, оларды қалпына келтіру мәселесі өз шешімін таба бастады. Осы мақсатта мұрағат ішінен Мұрағат құжаттарын сақтап көшіру және қайта қалпына келтіру Орталығы құрылды. Осы уақыт ішінде тек қана суретшілердің 100-ден аса көркем туындылары жөндеуден өткен.
Болашақта Мәдени мұра бағдармасы Қазақстан тарихына байланысты құжаттарын әрі қарай тереңдей зерттелуіне ықпал болатынына сеніміміз мол, жалғасын табар деген ойдамыз.
Ал тыңдарман қауымға айтарымыз, әрқашан да мұрағат есігі сіздерге ашық дейміз.

Мұрағат құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің бастығы Марзия Ғаниқызы Жылысбаева

Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group