Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
18-03-2020

Қайырымдылық игі істің бастауы
Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-ға...
13-03-2020

Таза аула – жанға рахат сыйлайды
Таза аула – жанға рахат сыйлайды. Осы сөзді ұстаным еткен...
12-03-2020

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді
Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары еліміздегі түрлі жобалар мен...
06-03-2020

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты Мәрзия Ғаниқызына табысталды
АЛМАТЫ. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз - Халықаралық...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Патшалық Ресейдің Бөкей ордасындағы әкімшілік саясаты (ХІХ-ғасырдың ІІ-жартысы)
ХVIII ғасырдың 30-жылдары Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өтуі орыстар үшін шығысқа бағытталған отарлық саясатты бастау үшін қолайлы жағдай туғызды. І-Петр патша кезінде алып империяға айналған Ресей, өз жеріне тағы да біршама жерлерді қосып алуға кірісті. Ал, шығыстағы Орта Азия мемлекеттерін отарға айналдыру үшін алдымен қазақ жерінен бастау қажет болды.
Ресейдің отарлық саясатының ерекше күш алған кезеңі, бұл ХVIII ғасырдың соңы еді. Осы кезеңде Кіші жүзде Патша үкіметі мен хандық билікке қарсы халық қозғалысы күшейе түсті, сұлтандар арасында да билікке талас орын алды. Ақыры Кіші жүз халқы екіге бөлініп, бір бөлігі 1801 жылы Жайық өзенін асып, жаңа мекенге қоныс тепті. Бұл орын алған ахуал Ресейдің Кіші жүзде арандату саясатын жүргізіп, екі бөлікке бөліп, әлсірету мақсаты орындалғанын көрсетеді. Өйткені 1799 жылы Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтан Ресей патшасы І Павелге бос жатқан Еділ мен Жайық аралығын мекендеу туралы өтініш білдірген кезде Ресей патшасы ұзақ ойланбастан өз келісімін берген еді. Осыдан, яғни 1801 жылдың 11 наурызынан бастап Бөкей ордасы тарихи сахнаға шықты.
1801 жылы құрылған Бөкей хандығы қазақ тарихына бірнеше жаңа есімдерді алып келді. Оларға Бөкей, Шығай, әлі де болса күні бүгінге дейін зерттеушілердің пікір таласына айналған әйгілі Жәңгір, сонымен қатар ержүрек қолбасшы Исатай, батыр, әрі жырау Махамбет және Жәңгірдің немересі ақын Шәңгерей, күйлері қазақ музакысының алтын қорына енген күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей және Динаның есімдері халқымыздың жадында мәңгілікке сақталып қалды.
Бөкей хандығы құрылғаннан бастап Орынбор губернаторлығына бағынышты болып, бірінен соң бірі алма-кезек губернаторлық қызметке келген орыс шенеуніктерінің қадағалауы мен бұйрықтарын орындаумен өмір сүріп келді. Ресейдің еуропалық бөлігіне жақын орналасқан хандық өз тарихында бірнеше саяси әкімшілік өзгерістерге ұшырап, орыстандыру шаралары ауқымды жүзеге асқан аймаққа айналды. Оған дейін сыртқы істер министрлігінің бақылауында болып келген Бөкей ордасы 1838 жылы ақпан айының 5 күні Мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына ауыстырылды. Өйткені жалпы Орта Азия аумағын отарлауды тереңдетіп, нәтижелі жүргізу үшін Патша үкіметі 1837 жылы осы министрлікті құрған болатын. Осы арқылы жаңа жерлерді өз империясына қосып алу мақсатында түрлі айла шараларды іске асыра бастады.
Мемлекеттік мүлік министрлігі Бөкей хандығын бақылауға алысымен оның алдында жүзеге асырылуға тиісті мынадай міндеттер тұрды: орда жерінде тыныштықты сақтау, Қазақ халқын орыс халқымен жақындастырып, хандықтың басқару жүйесін Ресейдің басқару жүйесімен сәйкестендіру, орда жерін көршілес орыс губернияларына біріктіріп жіберу, т.с.с.(1)
Патша әкімшілігінің Бөкей хандығының ішкі істеріне араласуға қол жеткізу мақсатының орындалуына 1836-1838 жылдары болып өткен шаруалар көтерілісі өз кезегінде қолайлы жағдай туғызды. Орда жерінде тыныштықты сақтап тұру мақсатын алға қойып, хандықты бақылауға алған Мемлекеттік мүлік министрлігі ханға ішкі қиыншылықтарды реттеуге жәрдем беруді желеу етіп, хан және өзге сұлтандардың күмәнін туғызбай хандықтың ішкі саясатына араласып кетті. Дәлірек айтқанда , 1843 жылы Жәңгір ханның кеңсесінің жанында орыс шенеуніктерінен құрылған жаңа орыс кеңсесінің ашылуы және оның басшысы ретінде мемлекеттік мүлік министрлігінің қызметкері С.И.Матвеев тағайындалды.(2) Матвеев арқылы Орынбор басшылығы хандықтың ахуалы туралы ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етіліп тұрды.
1845 жылдың 11-тамызында Жәңгірдің кенет дүние салуы халықты ауыр қайғыға ұшыратты, бірақ бұл оқиға Патша үкіметінің Бөкей ордасында хандықты біржола жою ниетін жүзеге асыруға өте ыңғайлы жағдай туғызды. Жәңгірдің өлімі туралы деректі Саратовтан арнайы ханға жіберілген дәрігер И.Ф.Троицкийдің медициналық қорытындысынан көре аламыз, онда: «Тамыз айының 10-нан 11-не қараған түні ханның өліміне 19 сағат қалған кезде Торғын өзенінің бойындағы хан ордасына жеттім. Медициналық тексеру барысында оның миына қан құйылып, ауыр халде жатыр» - делінген.(3) Жәңгір хан 11-тамыз күні, кешкі сағат алты жарым шамасында дүниеден өтеді.(4)
Ендігі кезекте мемлекеттік мүлік министрлігі мен Орынбор әкімшілігінің алдында Бөкей ордасын тиімді басқару мәселесі тұрды. Жергілікті билікке орыс шенеунігін қойып, сұлтандар мен халық билігінің наразылығын тудырып алудан қауіптенген патша әкімшілігі өздеріне ыңғайлы, халық арасында беделі мығым қазақ сұлтандарының арасынан біреуін таңдап алуды жөн көрді. Оған басты үміткер ретінде Жәңгірдің жақын бауыры әрі көмекшісі, сондай-ақ бірнеше руды бір мезгілде басқарып, патша әкімшілігіне танылған беделді сұлтан Әділ Бөкейұлын «Ішкі орданы уақытша басқарушысы» ретінде тағайындалды.(5) Ал, оның кеңесшілері болып сұлтандар Шөке Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бөкейұлы ұсынылады.(6) Кіші жүздің ханы Нұралының баласы жасы егде тартқан Шөке Нұралыханұлы сұлтандар мен халық алдында беделі жоғары, орданың ішкі жағдайымен жақсы таныс сұлтан болатын. Кейінгісі, Жәңгірдің інісі Меңдікерей шеркес руының басқарушысы және ханның «жақындарының» бірі, беделді сұлтан ретінде патша әкімшілігіне жақсы таныс болды. Осылайша патша үкіметі хан туысқандарынан Бөкей ордасының уақытша әкімшілігін ұйымдастырды, әрі хандықты жою мақсатында жергілікті басқару жөнінде аз уақыт аралығында жаңа жоба әзірлеп, 1846 жылы 21 қаңтарда «Ішкі орданы басқару жөніндегі уақытша кеңесті» құрады.(7) Кеңестің төрағасы ретінде жоғарыда аталған сұлтан әділ Бөкейұлы тағайындалады. Орынбор генерал губернаторы Обручев пен Орынбор шекара комиссиясының басшысы Ладыженскийдің бірігіп даярлаған жобасы бойынша Уақытша кеңестің төрағасымен қатар оған жәрдем, кеңес беріп тұру үшін жергілікті сұлтандардан екі кеңесші және мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан бір кеңесші тағайындалуы қажет болды. Сұлтандар арасынан Шөке Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бөкейұлы тағайындалса, орыс шенеуніктерінен өз қызметіне орданың істерімен жіті таныс, Жәңгірдің орыс кеңсесінің төрағасы болған, басқару қызметінде бірнеше жыл тәжірибе жинаған С.И.Матвеев кірісті.(8)
Жаңадан құрылған Уақытша кеңестің басты міндеттері Бөкей ордасы туралы ақпараттарды Орынбор әкімшілігіне жедел жеткізу, халық арасындағы тыныштық жағдайды сақтау, заң бұзушылық әрекеттерді шешу және алдын алу, жыл сайын халықтан жиналатын зекет пен соғым түріндегі салықты жинау және сол туралы мәліметтерді Орынбор басшылығына жеткізу, сондай-ақ империяның отарлық көзқарасындағы істерді бұлжытпай орындау т.с.с.(9) Осы дерек көздері арқылы біз патшалық Ресейдің уақытша кеңесті құрудағы негізгі мақсатын анықтай аламыз.
Сұлтандар мен халықтың наразылығын тудырмау үшін кеңестің басшысы ретінде Әділ Бөкейұлы тағайындалса да, негізгі басқару ісімен мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан тағайындалған кеңесші айналысатын. Бұл туралы деректі біз атақты қазақ этнограф ғалымы Салық Бабажанұлының Бөкей ордасына қатысты әлеуметтік-этнографиялық жазбаларынан кездестіре аламыз.
1847 жылы 31 ақпанда, шекара комиссиясы қызметкерлерінің жұмыс қарқынын тездету мақсатында Орынбор басшылығы аталған басқарманың жанынан «Ішкі орданы басқару туралы уақытша бөлімшені» құру идеясын жүзеге асырды.(10) Уақытша бөлімшенің қызметкерлер құрамы 11 адамнан құрылып, зекеттен түскен кірістен 2830 рубльді осы бөлімшенің қызметкерлеріне жыл сайын бөліп отырды.
Осылайша, өз тарихында көптеген басшыларды кезекпен ауыстырған Уақытша кеңес тұсында Бөкей ордасы түрлі әкімшілік өзгерістерге ұшырап, 1917 жылы бұл жергілікті коллегиалды басқару аппараты біржола жойылады. Біз бұдан ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Бөкей ордасының тарихы толығымен орыс отарлық саясатының көрінісі ретінде білеміз.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің жоғары санаттағы мұрағатшысы
Сейілхан Тоқболатұлы Тоқболат

Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген....

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group