Мемлекеттік рәміздер |
| Барлығын көрсету | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.
|
|
|
|
|
|
|
| Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының қалыптасуы мен дамуы туралы жинақтың тұсаукесері өтті |
29 ақпан күні ҚР Орталық мемлекеттік архивінде «Кеңестік Қазақстан: денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы (1917–1937 жж.)» құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, тарихшылар мен зерттеушілер, архив саласының қызметкерлері қатысты.
Роллан Құспан аталған жинақта өткен ғасырдың бірінші жартысындағы денсаулық сақтау саласы туралы маңызды мәліметтер бар екенін атап өтті. Архивтік тарихи жинақтарды толықтыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.
|
| «Жапар сұлтан. Құжаттары мен материалдары» атты құжаттар жинағының таныстырылымы |
2024 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-нің ұйымдастыруымен «Жапар сұлтан. Құжаттары мен материалдары» атты құжаттар жинағының таныстырылымы өтті.Іс-шараның мақсаты: Қазақ тарихын зерттеуде архив құжаттарын пайдаланудың маңыздылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұзақ жылдар бойы зерттеушілер назарынан тыс қалған тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметімен таныстыру, ұлт тарихының «ақ таңдақ парақтарын» толықтыру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында қалың оқырманды ұлт-азаттық күрестің символына айналған Кенесары Қасымұлының ісін жалғастырушы, тікелей ұрпағы Жапар сұлтанның өмірінің беймәлім тұстарына арналған құжаттар мен материалдар жинағымен таныстыру. |
| ҚР ОМА директорының орынбасары Жылысбаева Мәрзия Ғаниқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаеватың алғыс хатымен марапатталды |
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында ( Институт Истории Валиханова) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына сүбелі үлес қосқан отандық тарих корифейлеріне, баспагер, архивші қауым өкілдеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы алғыс хаты табыс етілді.
Мемлекеттік комиссия жұмысының аяқталуына орай Жобалық кеңсе өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова ханым арнайы келіп, ҚР ОМА директорының орынбасары Жылысбаева Мәрзия Ғаниқызына және академиктер М.Қойгелдиевке, Х. Әбжановқа, профессорлар Г. Кокебаеваға, Г. Әнеске Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаеватың алғыс хатын табыстап, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. |
| Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Egemen Qazaqstan-ға берген сұхбатындағы ұлт мүддесі |
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Орталық мемлекеттік архив" РММ-де «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan»-ға берген сұхбатындағы ұлт мүддесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға ҚР ОМА қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!" атты сұхбатындағы қозғалған мәселелерді талқылау мақсатында Әлеуетті зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты З.М. Төленова «Президент сұхбаты және ұлт мүддесі» тақырыбында слайд-шоу негізінде баяндама жасады. Сондай-ақ Әлеуетті зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының PhD докторанты Е.И Стамшалов Президенттің сұхбатында көтерілген ұлт аралық қатынастар мен стратегиялық даму бойынша баяндама жасады. |
| Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің жаңа төрағасы - Рустам Әли |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Рустам Әли Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы мен басшылығы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің жаңа төрағасы Рустам Әлидің қызметіне табыс, деніне саулық, отбасына береке-бірлік тілейді!
|
| 22 желтоқсан – Архившілер күні |
Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 25 жылдығына және архивистер күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ-де «Архив мамандығын қалай таңдадым» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара ҚР ОМА директорының орынбасары Жылысбаева Мәрзия Ғаниқызының мерекемен құттықтау сөзімен басталды. Аталған іс-шараға ҚР ОМА қызметкерлері белсенді қатысты. Бірінші кезекте архив мамандығын не үшін таңдағандығы жөнінде жас архивистер пікірлерімен бөлісті. Архив саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен аға буын архивистер бұл салада жүріп өткен жолдарынан қызықты оқиғалары мен осы салаға қалай келгендері жайлы айтып берді. Сондай-ақ архив саласының заңнамасы мен архивтің тарихына сұрақ-жауап негізінде шолу жасалды. Жас мамандар даярлаған видеоролик көрсетілді. Іс-шара еркін түрде, ашық пікір алмасу форматында өтті. |
| 16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. |
16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ директоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы архив ұжымын алда келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баяндама жасады. |
| Жеке тектік архивтермен және тарихи-құжаттық топтамалармен жұмыс жасау бөлімінің жоғары деңгейдегі архивисі Рахмет Гүлназ Шамқызының ма |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
«Орталық мемлекеттік архив» РММ Жеке тектік архивтермен және тарихи-құжаттық топтамалармен жұмыс жасау бөлімінің жоғары деңгейдегі архивисі Рахмет Гүлназ Шамқызының мақаласын оқи отырыңыздар. https://abai.kz/post/177222 |
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ |
Ұлттық валютамыз теңгенің айналымға түскенінің 30 жылдығына орай және ұзақ жылғы атқарған қызметі үшін ҚР ОМА бас бухгалтері Шортанбаева Карлыга Несипжановна Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының алғыс хатымен марапатталды.
ҚР ОМА атынан Карлыга Несипжановнаны алғыс хатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық және еңбек жолыңыз жана берсін деп тілейміз!
|
|
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
Тоқта сыбайлас жемқорлық |
 |
| ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады: |
| Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна. |
| телефон:8(727)2720334 |
| мобильный:8(701)4816169 |
|
|
|