Жаңалықтар » Центральный государственный архив республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
22-04-2024
«АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» экологиялық науқаны
  Сәуір айының 20 күні “АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ" экологиялық...

19-04-2024
«Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығына» арналған бірегей архив құжаттарының көрмесі
  2024 жылдың 11-сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ҰЗУ-інде өткен «Интеграция...

17-04-2024
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ (ХХ ҒАСЫР)
Ақиқат журналы біздің зерттеу жұмысымызды жариялаған екен.   Оқи отырыңыздар.  

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
 
  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген...
 
Жаңалықтар
  Сәуір айының 20 күні “АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ" экологиялық науқаны аясында ҚР “Орталық мемлекеттік архив” РММ аумағында жалпыұлттық экологиялық тазарту шарасы ретінде сенбілік ұйымдастырылды.
[justify]
 
  2024 жылдың 11-сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ҰЗУ-інде өткен «Интеграция науки и технологий: путь к устойчивому развитию» атты конференцияға Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің Жеке тектік архивтермен және тарихи-құжаттық топтамалармен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлері арнайы барып, «Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығына» арналған бірегей архив құжаттарының көрмесін ұйымдастырды.
 
Ақиқат журналы біздің зерттеу жұмысымызды жариялаған екен.
  Оқи отырыңыздар.
 

 
  Рухани құндылықтың түпкі мәні ұлттық өнер, ұлттық мәдениет. Ол адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандырады, ал Ұлттық спорт атауының ішіне – ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық болмыс және ұлт тарихы кіреді. Сол себепті Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві ұжымы 20 наурыз күні Мәдениет және ұлттық салт –дәстүр, Ұлттық спорт күнін атап өтті.
 
  2024 жылдың 18-19 наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ (бұдан әрі – ҚР ОМА) ғимаратында ҚР ОМА-ның жинақтау дереккөздері болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері үшін «Құжаттама жасау тәртібі және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»; «Құжаттаманы басқару және құжаттардың орындалуын бақылау тәртібі»; «Істерді қалыптастыру, ресімдеу және сақтау тәртібі. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі»; «Ұйым архивінің құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалану» тақырыптары бойынша семинар өткізді.
 
  ҚР ОМА-і еліміздегі тұңғыш құрылған архив болғандықтан, оның тазалығы мен әсемдігін өз қалпында ұстап отыру да - архив міндетінде. Осындай жауапкершілікті атқарып отырған архивистер әр уақытта сенбілік ұйымдастырып, тазалықты сақтауды әдетке айналдырған.
 
  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған Наурызнама шарасы аясында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві 18 наурызда Ұлттық киім күнін атап өтті.
  Бұл шараның маңыздылығы сол, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық этнологияны дәріптеу, ұлтымыздың ғасырлар бойғы жиналған құнды мұраларын келер ұрпаққа жеткізу.
  Осы себепті ұжым қызметкерлері арасында ұлттық киімнің әсемдігін, ерекшелігін паш ету мақсатында конкурс ұйымдастырылды.
 
 

 
  15 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бекітуімен Наурызнама шарасына орай Республика деңгейінде Қайырымдылық күні деп жарияланды.
  Осы себепті Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архив ұжымы мұқтаж және көпбалалы отбасылардың үйіне барып, қал-жағдайларын біліп, әңгімелесіп, жылы сөздерін айтып, ұжым атынан алынған азық-түліктерін табыстады.
 
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz