Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
23-10-2020

Архив қызметкерлері өрт қауіпсіздігі техникасымен танысты.
2020 жылдың 23 қазанында Алматы қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және...
22-10-2020

Хабарлама Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» РММ-і Оқу залының архивтік ақпараттарды пайдаланушыларына
2020 жылдың шілде айының 20-нан бастап, Қазақстан Республикасы Президенті...
16-10-2020

Архив қызметкерлері тағылымдамадан өтті
2020 жылғы 5-16 қазан аралығында ҚР «Орталық мемлекеттік архив» РММ...
08-10-2020

Қазақстан тарихы Абайдың рухани мұрасы аясында
2020 жылы 08 қазанда сағат 11.00-де ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш....
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Конференциялар
04 сәуір 2013 жыл

2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағат қорында сақтаулы Мұқан Төлебаевтың жеке тектік қорынан қазақтың музыкасына аса бағалы мұра ретінде қосылған оның «Біржан мен Сара» операсының қолжазбасы, «Амангелді» операсы, «Шегенің әні», «Қыздарай», «Фестиваль әні», «Қойшының әні», «Жастар вальсі», Қазақ КСР-ның ән ұраны, М. Төлебаевқа Ш. Бейсекова, К. Кенжетаевтардың жолдаған хаттары, Қазақстан Композиторлар одағының Мұқан Төлебаевқа берген мінездемесі, Ғ. Мүсірепов, Н. Баймұхамедовтардың «Қозы Көрпеш Баян-Сұлу» атты опера либреттосына М. Төлебаевтың енгізген түзетулері т.б. құжаттардың қолжазбалары және «Біржан мен Сара» операсында Біржан рөлінде-Байғали Досымжанов, Сара рөлінде -Шабал Байсековалардың түскен фотосуреттері қойылды.
«Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомның баспаға шығуына атсалысқандар зайыбы, лингвист, зейнеткер Дариға Төлебаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жамаш Төлебаева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарқынбике Сулейменова, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрғиян Кетегенова, Орталық мемлекеттік мұрағатының бас директоры Ләззат Ақтаева. Композитордың әріптестері мен замандастары, ұстаздары мен шәкірттері, жазушылар мен ақындар, туыстары мен жора-жолдастары жазған естеліктер мен мақалалардан оның композиторлық шеберлігін шыңдау жолындағы ізденістері, адамгершілік, азаматтық бітім болмысы, үлкен өнерге деген ынта-жігері кеңінен көрініс тапқан.

Кездесуге қатысқандар: Мұқан Төлебаевтың зайыбы Дариға Төлебаева; Ж.А. Төлебаева-доцент, педагогика ғылымының кандидаты, Роза Умбетовна Джаманова -КСРО халық артисі, Н.С. Кетегенова– өнертану ғылымының кандидаты, профессоры Мұқан Төлебаевтың атағына лайықтылығы жөнінде өздерінің естеліктерімен ой бөлісті.
Композитордың жеке қорын толықтыруға Мұқан Төлебаевтың аяқталмай қалған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» атты операсының клавирын Н.С. Кетегенова сыйға тартты (50 жыл қолында ұстаған). Сонымен қатар Ж.А. Төлебаева өзінің жарыққа шыққан «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітабын қорына тапсырды.

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group